Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Айбын 4694 8 пікір 10 Қыркүйек, 2024 сағат 12:21

Сәт Тоқпақбаев «Халық қаһарманы» атанды

Сурет madeniportal.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевқа – «Халық қаһарманы» атағы берілді.

«Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды»,- делінген Жарлықта.

Сәт Тоқпақбаев 1993-1995 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған, 1999-2001 жылдары ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарған. 2007-2016 жылдары Мәжіліс депутаты болды. Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаев 17 қыркүйек күні 85 жасқа толады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2832
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 934
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877