Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4321 0 пікір 27 Ақпан, 2014 сағат 06:59

Ақмарал Қайназарова қайда жүр?

Үнді би өнерінің шебері -Ақмарал Қайназарова (1-2 суретте) қазір қайда жүр?  Ел ішінде біреулер -Ақмарал буддаға табынып, Үндістанға қоныс теуіпті десе, енді біреулер -Ақмаралдың шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтады. Осы орайда әлемдегі ең күрделі  Бхаратанатьям би өнерінің тілін бір кісідей меңгерген қазақ қызын іздедік. Көптің көңілін күпті еткен көкейдегі сұрақтарға биші қыздың берген жауаптары төмендегідей өрбіді.

 

- Бхаратанатьям биінің қыр-сырын меңгеріп, көпшілікті үнді биіне еліткен Ақмарал қайда жүр?- деген сұрауды жиі еститін болдық.  Қазір не істеп жүрген жайыңыз бар?

-  2006  жылы Алматының төрінен үнді классикалық биінің орталығын аштым. Қазір үнді биін үйренемін деушілерге  сабақ беремін. Биден өзге, терапевтикалық йога, болливуд би стилі мен  арнайы аспапта  үнді классикалық ән шырқау өнерін үйретеміз.  Елуге жуық шәкіртім бар. Олардың алды алты жаста болса, соңы алпысқа жығылады.

- Бәрекелді, шәкірт тәрбиелегеніңізге жеті жылға жуықтапты. Алайда Ақмаралдың ізін басқан биші шықпағанына қарағанда, бұл мәдениет қазақ жұртына жат сияқты емес пе...

Үнді би өнерінің шебері -Ақмарал Қайназарова (1-2 суретте) қазір қайда жүр?  Ел ішінде біреулер -Ақмарал буддаға табынып, Үндістанға қоныс теуіпті десе, енді біреулер -Ақмаралдың шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтады. Осы орайда әлемдегі ең күрделі  Бхаратанатьям би өнерінің тілін бір кісідей меңгерген қазақ қызын іздедік. Көптің көңілін күпті еткен көкейдегі сұрақтарға биші қыздың берген жауаптары төмендегідей өрбіді.

 

- Бхаратанатьям биінің қыр-сырын меңгеріп, көпшілікті үнді биіне еліткен Ақмарал қайда жүр?- деген сұрауды жиі еститін болдық.  Қазір не істеп жүрген жайыңыз бар?

-  2006  жылы Алматының төрінен үнді классикалық биінің орталығын аштым. Қазір үнді биін үйренемін деушілерге  сабақ беремін. Биден өзге, терапевтикалық йога, болливуд би стилі мен  арнайы аспапта  үнді классикалық ән шырқау өнерін үйретеміз.  Елуге жуық шәкіртім бар. Олардың алды алты жаста болса, соңы алпысқа жығылады.

- Бәрекелді, шәкірт тәрбиелегеніңізге жеті жылға жуықтапты. Алайда Ақмаралдың ізін басқан биші шықпағанына қарағанда, бұл мәдениет қазақ жұртына жат сияқты емес пе...

- Осы уақыт аралығында он бес адамды би өнеріне баулып, Үндістанға оқуға жібердік. Тіпті оқу құны да төленбейді, тегін білім алуларына жағдай жасалынды. Бірақ солардың ішінде білімін жетілдіріп жатқан адам біреу-ақ. Ал қалғандары өкінішке қарай оқуды  тастап кетті.   Біріне –ауа райы жақпай ауырып қалса, енді бірі - оқудың қиындығына төзе алмады. Кейбіріне орта жолдан  би өнері қызықсыз болып қалды. Осы уақытқа дейін екі орыс қызы ғана соңына дейін оқып шықты. Бірақ олардың өзі елге оралмай, шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып кетті. Ендігі үміт қазіргі оқып жатқан жалғыз шәкіртімде болып отыр.

-  Айтпақшы сіздің шәкірттеріңіздің үндінің ұлттық биін Құрманғазының «Ақсақ киік» күйінің сүйемелдеуінде билеп шыққаны бар. Бұл қазақ сахнасына үнді мәдениетін  тықпалаудың жолы емес пе?

- Бұл қойылымды біз тәуелсіздіктің жиырма жылдығына орай сахналаған едік. Көрермен өте жақсы қабылдады. Өйткені үнді халқы мен қазақ халқының мәдениеті өте жақын. Кеңестік саясат екі елдің қатынасын уақытша ажыратып тастағаны болмаса, бізді Ұлы жібек жолы байланыстырып келді ғой. 

 - Біздегі опера мен балет дейсіз бе, тіпті мықты цирк шеберлері де шетелге кетіп қалды. Ал сізді туған жер топырағына тарқан не құдірет?

-  Әр адам алған білімінің игілігін өз еліне сарқыса, отан алдындағы міндет- сол. Ол жақта менсіз де өздерінің бишілері жетіп артылады. Болливуды қойып, Голливудты бағындырсаң да құрметті алдымен туған жерден бастаған ләзім. Менің мақсатым -осы бір  өнер жолы арқылы екі елдің достастығын нығайту.

- Сізді мейрамханалар мен жабық есікті кештерден  неге көре бермейміз?

- Сырттан түрлі шақыртулар келіп тұрады.  Дегенмен ақша үшін айғай шу мен той-томалаққа барып, рухани өнердің қасиетін кетіргіміз келмейді. Өйткені бұл бидің  тілін көпшілік түсіне бермейді. Себебі әр қимыл әртүрлі ойды білдіреді. Әр қойылымдардың өзіндік шығу тарихы бар. Біздің елде онсыз да өнер мен көңіл көтеруді алмастырып алды ғой. Сондықан   арнайы сахналарда ғана өнер көрсетеміз. Қазір өнерде жүргендер тойдан түскен табыс арқылы концертін беріп жатады. Біздің  қаржы көзін таба алмай қиналатынымыз рас. Сондықтан демеушілер іздеп, арасында Үндістанның елшілігіне қолқа салып дегендей тығырықтан шығуға тырысамыз. Жыл сайын халықаралық би күніне орай дәстүрлі түрде концерт беріп тұрамыз. Биылғы жылы Бхаратанатьям үнді классикалық биінің шебері, өзімнің ұстазым  - Нарендран мырзаға елге келіп концерт беруге қолқа салдық. Келем деушілерге есігіміз ашық.

- Біздің елде би өнері өлі тыныштықта тұрған сияқты сезіледі. Мәселен, суырылып шығып жатқан жас бишілер жоқтың қасы. Сіз қалай ойлайсыз?

- Қазір өнер саласы бойынша білім алып, бітіріп жатқан жастар көп. Бірақ соларға мемлекет тарапынан  қолдау жоқ. Жанып тұрған жеткіншектерді өздігінен демеп жатқан меценаттар да шамалы. Әсіресе қазіргі қымбатшылықта елдің бәрі экономист  пен заңгер болып жатқанда, би өнерін таңдаған жастарды көзсіз ерлікке барып отыр деуге болады. Өйткені- би өнерін меңгеру өте қиын. Ол эстрада сияқты өмір бақи сахнада өнер көрсетіп, наныңды тойдан тауып жүре беретін оңтайлы кәсіп  емес. Қазақ халқы сурып-салма ақындық өнері мен бірге биді де бір кісідей меңгерген. Дейтұрғанмен осы  ұлттық  би өнеріне мемлекеттік тұрғыдан статус берілмей-ақ қойды. Би өнерін насихаттайтын еңбектер де аз. Арнайы оқу орындарында шәкірт тәрбиелеп жүрген  мамандар баршылық. Бірақ олар опера мен балеттің, эстраданың  ығында қалып қойды. Ұлттық бидің көсегесін көгерту мақсатында қазақ  би өнерінің теартын ашатын уақыт жеткен сияқты.  Шетелде алдымен ұлттық жобалар қолға алынады. Өкінішке қарай біздің елде керісінше болып тұр.

 Содан кейінгі бір мәселе - түнгі клубтар мен көңіл көтеретін орындарда ұлттық биді билетуге тыйым салыну қажет. Соның салдарынан қазақ қыздарының әдемі көйлегі мен үкілі сәукелесін тылтитып сәнін кетіріп тастады. Кезінде қазақ биінің негізін  қалап кеткен профессор-  Дәурен Абиров ұлттық биді мектеп қабырғасына пән ретінде енгізілуі керектігін айтқан еді. Бұл бастама бүгінгі күні жүзеге асса батыстық өнердің жетегінде кетіп бара жатқан жастар ұлттық өнерге мұрынын шүйіре қарамас еді.

- Сізді мұсылмандықты ұмытып, буддаға табынып кетіпті дейтіндер бар. Осы рас па?

- Мен -теософистпін. Мен үшін бүкіл діндер бірдей.  Таңды тілімді кәлимаға келітеруден бастаймын. Әйтсе де барлық діндер бір ағаштың бұтақтары сияқты. Ал сол бұтақтарды таратқан бір ғана жаратушы бар. Шынтуайтында, мен насихаттап жүрген Бхаратанатьямның биін дінмен байланастыратындар бар. Бұл қате түсінік. Біз адам мен табиғаттың рухани құндылықтарын өнер арқылы насихаттаймыз. Бар болғаны -осы.

- Сай-сүйектеріңіз сырқырағанға дейін билеп жүрмейтін боларсыз. Қартайып, қайғы ойлағанда алғаш таңдаған мамандығыңыз журналистикаға қайтып оралуыңыз мүмкін бе?

- Бидің теориясын өзім жазатын болғандықтан, журналистика менің өміріммен біте қайнасып кетті десем болады. Өнер тақырыбында баспасөздерге мақала жазып тұрамын. Бұйырса,  үнді классикалық би өнері жайлы қазақша-орысша еңбек жазсам деймін. Алайда басыбүтін журналистикаға кетпеймін.

Сұхбаттасқан - Динар Камилова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320