АҚШ-тағы сайлау: Трамп жеңе ме, Харрис жеңе ме?
АҚШ-тағы сайлаушылар келесі президентті сайлау үшін 5 қарашада сайлау учаскелеріне келеді. Бастапқыда сайлау демократ Джо Байден мен 2020 жылы президенттікке таласқан республикашы Доналд Трамп арасындағы матч-реванш болуы тиіс еді. Бірақ шілде айында жағдай өзгерді: Байден жарыстан шығып, вице-президент Камала Харристі қолдады.
Ұлттық сауалнамаларда кім көш бастап тұр?
Орта есеппен алғанда демократиялық кандидат Камала Харрис жалпыұлттық сауалнамада Трампты басып озады. Сауалнамаларға қарағанда, президент Байден жарыстан шығуға шешім қабылдағанға дейін бірнеше ай бұрын бұрынғы президент Трамптан қалып қойған еді.
Алғашқыда Харрис Трамптан қалып келе жатқан. Бірақ ол ресми түрде үміткер деп танылғаннан кейін жағдай өзгерді және сауалнамалар Харристің қарсыласынан аз ғана артықшылығын көрсетті; осы артықшылық әлі күнге дейін сақталып келеді.
10 қыркүйекте екі үміткер де Пенсильваниядағы теледебаттарда кездесіп, оны 67 миллионнан астам адам тамашалады. Пікірталастан кейін бірден жарияланған бірнеше жедел сауалнама, көпшіліктің пікірінше, Харрис өзін жақсы танытты деп атап көрсетті. Содан бері жүргізілген көптеген жалпыұлттық сауалнамалар Харристің өз позициясын біршама жақсартқанын және оның орташа көрсеткіші айтарлықтай өзгермегенімен, оның артықшылығы аздап артып: дебат күніндегі 2,5 пайыздық пункттен бір аптадан кейін 2,9 пунктке дейін жеткенін көрсетеді.
Тайсақтаған штаттарда кім жеңіске жетеді?
Қазір жеті тайсақтайтын штатта екі кандидаттың да нәтижелері бір-біріне өте жақын, сондықтан жарыста шынымен кім көш бастап тұрғанын анықтау қиын.
Штаттарда сауалнамалар жалпыұлттық сауалнамаға қарағанда аз, сондықтан журналистер қолындағы деректерде мардымсыз. Оның үстіне, осы сауалнамалардың жіберіп алатын қателігін де ескеруге тура келеді.
Соңғы сауалнамалар бірнеше штатта екі кандидаттың арасындағы айырмашылық бір пайыздан аспайды.
Бір кездері Пенсильвания, Мичиган және Висконсин демократтардың тірегі болған, бірақ 2016 жылы олар Трампқа дауыс берген. 2020 жылы керісінше бұл жерлерде Байден жеңіске жетті.
Сауалнамаларға сенуге бола ма?
Қазіргі уақыттағы сауалнамалар көрсетіп отырғандай, Камала Харрис пен Доналд Трамп бір-бірінен ұлттық деңгейде де, тайсақтаған штаттарда да бір-бірінен екі пайыздық пункттің шегінде тұр. Әзірге әлеуметтанушылар тек негізді болжамдар жасай алады. Сайлау күні қараша айында ғана басталғанымен, кейбір маңызды штаттарда, соның ішінде маңызды Пенсильванияда мерзімінен бұрын дауыс беру қыркүйекте басталады.
Abai.kz