Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 904 0 пікір 24 Қыркүйек, 2024 сағат 13:50

Бозымбаев: Су тасқынынан 300 млрд теңге шығын келді

Фото: Ақорда

Көктемгі су тасқынынан алдын ала деректер бойынша, шамамен 300 млрд теңге шығын келген. Бұл туралы үкіметтегі брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.

Бұдан бұрын шенеунік инфрақұрылымға келген зиян шамамен 53 млрд теңгеге тең екенін айтқан

«Алдын ала есептеулерге сүйенсек, су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Содан кейін нақты есепті береміз», - деді ол.

Қанат Бозымбаев көктемгі су тақынынан келген шығынды жыл соңына дейін есептеп бітіреміз дейді. Оның сөзінше, мемлекеттік бюджеттен үй салуға 137 млрд теңге жұмсалған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364