Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4293 0 пікір 11 Наурыз, 2014 сағат 04:46

Әубәкір Нілібаев дүние салды

Белгілі ақын, аудармашы, философ,  КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Үндістанның халықаралық Падма Шри сыйлығының, Пәкістанның Икбал академиясының Икбал атындағы Алтын ескерткіш сыйлығының иегері Әубәкір Нілібаев 86-ға қараған жасында дүние салды. Соңында 33 кітаптан тұратын мол мұрасы қалды. Басқа іргелі еңбектерін айтпағанда,  Әубәкір ағамыз аударма саласында ұлтымыздың қоржынына өлшеусіз олжа салған дархан дарын, берекелі тәржіман тұлға болатын: "Махабхарата", "Рамаяна", «Гильгамеш» «Авеста», «Дхаммапада» тектес адамзат игілігіне айналған ұлы мұраларды, Эсхилдің "Бұғауланған Прометей" дастанын, Конфуцийдің, Лао-цзының, Чжуан-цзының, Рабиндранат Тагор мен Мұхамед Икбалдың, Юнус Емренің өлмес туындыларын қазақ топырғанына жерсіндірген табанды тарланбоз еді. Кейінгі жылдарын тек философиялық зерттеулер жазуға арнап, соңына терең пайымды, зерек ойлы кітаптар қалдырып кетті. Аса еңбекқор жан еді, еңбегін бұлдап та көрмеген қарапайым қаламгер болатын.  

Бақұл болыңыз, әдебиет тарланы!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371