Жеті кітаптың тұсаукесері
12 наурыз күні сағ.15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасында (Астана қаласы, Достық көшесі, 11) Халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының демеушілігімен жарық көріп жатқан кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтеді.
Кітап авторларының ішінде жинақтарын тұңғыш рет шығарып отырған Әлия Дәулетбаева («Сол бір сәуле» өлеңдер жинағы), Жанар Әбсадық («Сезімдер маусымы» өлеңдер жинағы), Қуаныш Медеубаев («Қара жәшік» өлеңдер жинағы) сияқты жас ақындармен қатар, кітаптары сұранысқа ие Бейбіт Сарыбай («Мейірім» әңгімелер жинағы), Азамат Тасқара («Жусанқыз» өлеңдер жинағы) сынды қуатты қалам иелерімен Думан Анаштай («Әулет» зерттеу мақалалар жинағы) қарымды журналист һәм Ғалым Смағұлдай (карикатура альбомы) дарынды қылқалам шеберлері бар.
Тұсаукесер рәсіміне орай өткізілетін баспасөз мәслихатында Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Төлен Әбдік, Несіпбек Айтұлы, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллин сияқты айтулы қоғам қайраткерлері мен белгілі ақын-жазушылар сөз алады деп күтілуде.

Әдебиет пен мәдениетке қал-қадерінше қамқорлық танытып келе жатқан Халықаралық «Алтын Қыран» компаниялар тобы 2012 жылы алты бірдей жас қаламгердің кітабын жарыққа шығарған болса, 2013 жылы қадірменді қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» кітаптарының ағылшын тіліне аударылуына демеушілік жасады.
Абай-ақпарат