Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Алаң 1305 2 пікір 2 Қазан, 2024 сағат 17:16

«Угледар шайқасы»: Ресей әскерінде алауыздық өршіді

Сурет Неміс толқыны сайтынан алынды.

Ресей әскерилерінің арасында Украинаның Донецк облысындағы Угледар қаласын қоршап, басып алғаннан кейін бас араздық пайда бола бастады, деп жазады арнайы қызметтерге жақын ресейлік телеграм-арналар.

«Әскерилердің бір бөлігі (олардың ішінде - бірнеше генерал) Угледарды алғаннан кейін біздің Донецк облысы аумағындағы шабуылымызды уақытша тоқтату керек деп санайды. Угледарда аса зор адам шығыны болды. Бізде соңғы бірнеше күнде 500-ден астам адам қаза тауып, ауыр жараланды. Жойылған ондаған техника туралы жақ ашпаймыз. Әскерге демалыс керек, әйтпесе жаңа жетістіктерге жету қиын болады», - деді Бас штабтағы дереккөз.

Бас штабтағы дереккөздің айтуынша, әскери топ Владимир Путиннен жауынгерлерге демалыс беріп, шабуылды уақытша тоқтатуды сұрайды.

«Угледарға біз әскер жемінің арқасында кірдік. Біздің жанын шүберекке түйгендердің өлі денесін көргенде - төбе шашың тік тұрып, көпке дейін есіңді жиып, өзіңе өзің келе алмай қаласың», - дейді қала үшін шайқасқа қатысқан офицер.

Бұл ұсыныс Ресей әскери басшылығындағылардың кейбірінің жынына тиіп, ашуландырды.

«Әлсіз адамдар тоқтағысы келе ме? Олар сатқындар! Оларға америкалықтар немесе Киев режимі осы сөздерді ауызға алғандары үшін ақша төлеген-төлемегенін тексеру керек. Владимир Владимировичтен осы адамдарды жазалауды сұраймыз», - деді Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз.

Бұған майданда жүрген әскерилер:

«Кабинет генералдары, әрине, қылыштарын оңды-солды сілтеуге дайын. Осында келіп соғыссын», - деп жауап берді.

Жүздеген украиндық әскери тұтқынға түсті

«Ресейліктер Угледарды қоршап алғаннан кейін жүздеген қарулы күштер қоршауда қалды», - деп жазады The Telegraph.

2,5 жыл бойы Угледар Украинаның оңтүстік Донбасстағы қорғанысының негізі болды. Сөйткен Угледар кеше Ресей бақылауына өтті.

The New York Times: «Осы қаланың ресейлік шабуылды тежеудегі рөлін ескерсек, Угледардағы жеңіліс украин әскерилері үшін стратегиялық да, символдық да соққы болады,», - деп жазады.

Угледардан айрылу ресейліктерге маңызды логистикалық торап болып табылатын Покровск бағытындағы шабуылдарды күшейтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл оңтүстік Украина арқылы Қырымға баратын ресейлік жабдықтау желілеріне қысымды бәсеңдетеді, сондай-ақ ресейлік әскерлердің Угледардың солтүстігі мен батысына қарай қорғалған кейбір аудандар мен ауылдарға шабуыл жасауына мүмкіндік береді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006