Бейсен Ахметұлы. «Алты Алаш» бірігейік!
Қазақты қазақ қорғайды, Алашты Алаш қолдайды
Біздің ең маңызды ұлттық қауіпсіздікке саятын мәселеміз – Алаш ұранды Қандастар мәселесі. Еліміздің Солтүстігіне сұғын қадап, тағы да май шелпектен дәметкендердің аузына құм қятын кез келді. Ол үшін ұлттың саны мен сапасын арттырудың маңыз зор. Бұл үшін Қандастарымыздың атажұртқа оралуын заң жүзінде бекемдеп ғана қоймай, ұлы Алаш ұранын көтеріп, сан мен сап мәселесін шешудің жаңа саясатын қарастыру керек.
Қазақстандағы көптеген тарихшыларымыз бен саясаткерлеріміз тарихи мүмкіндіктерді ұлттың мүддесі үшін пайдалана алмай отыр. Мысалы, Қытай мен Орыс жоқ жерден тарих жасау арқылы ұлттық рухын шыңдап, санасы мен сапасын көтеріп отыр. Тіптен кей факторларды бұрмалап басқа ұлттарды отарлау саясатына жүйелі түрде пайдалануда. Ал біз әлі ояна алмай келеміз. Онсызда ұлы тарихымызды ұлттың мүдесіне пайдалануды шамамыз да, санамыз да көтермеуде. Сол кемшіліктеріміздің ең үлкені – «Алты Алаш» ұғымын тар мағынада көрсетіп, ұлттық сан мен сапалық потенциалымызды кемітуіміз болып тұр.
Енді Алаш жұрты туралы түсініктеме бере кетейін.
Алты Алаш – Қазақ (Ноғай, Қарақалпақ), Татар мен Башқұрт, Түркімен, Құрама (Өзбектер сарттанып кеткендіктен қосылмады), Құмық, Қырғыз
Қазақты қазақ қорғайды, Алашты Алаш қолдайды
Біздің ең маңызды ұлттық қауіпсіздікке саятын мәселеміз – Алаш ұранды Қандастар мәселесі. Еліміздің Солтүстігіне сұғын қадап, тағы да май шелпектен дәметкендердің аузына құм қятын кез келді. Ол үшін ұлттың саны мен сапасын арттырудың маңыз зор. Бұл үшін Қандастарымыздың атажұртқа оралуын заң жүзінде бекемдеп ғана қоймай, ұлы Алаш ұранын көтеріп, сан мен сап мәселесін шешудің жаңа саясатын қарастыру керек.
Қазақстандағы көптеген тарихшыларымыз бен саясаткерлеріміз тарихи мүмкіндіктерді ұлттың мүддесі үшін пайдалана алмай отыр. Мысалы, Қытай мен Орыс жоқ жерден тарих жасау арқылы ұлттық рухын шыңдап, санасы мен сапасын көтеріп отыр. Тіптен кей факторларды бұрмалап басқа ұлттарды отарлау саясатына жүйелі түрде пайдалануда. Ал біз әлі ояна алмай келеміз. Онсызда ұлы тарихымызды ұлттың мүдесіне пайдалануды шамамыз да, санамыз да көтермеуде. Сол кемшіліктеріміздің ең үлкені – «Алты Алаш» ұғымын тар мағынада көрсетіп, ұлттық сан мен сапалық потенциалымызды кемітуіміз болып тұр.
Енді Алаш жұрты туралы түсініктеме бере кетейін.
Алты Алаш – Қазақ (Ноғай, Қарақалпақ), Татар мен Башқұрт, Түркімен, Құрама (Өзбектер сарттанып кеткендіктен қосылмады), Құмық, Қырғыз
Даңқты Рашид ад-Диннің «Жылнамасы» мен Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресінде», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектерінде, Қадырғали Жалайыридың «Шежірелер жинағында», Абай, Шәкәрім, Х.Досмұхамбетов, М.Дулатов, М.Тынышбаев секілді ел ардақтылары «Бабырнама» мен «Тарих-и Рашидиге» сүйене отырып дәлелдеген деректерде, Тарихшы Т. Әбенайлұы «Құпия шежірелердің» құпиясы» атты еңбегінде, Нығмет Мыңжан, Бақыт Еженханұлының, Қойшығара Салғараұлы қатарлы тарихшыларымыздың еңбектерінде келтірілген дәлелдерге негізге алсақ, «Алты Алаш» ұғымы тар мағынада қазақты, ал кең мағынада дешті Қыпшақ даласындағы түркі жұртын қамтитындығын көре аламыз.
Мысалы, академик Әлкей Марғұлан «Алаша хан» аңызындағы кейбір атауларға қатысты былай дейді: «Қыпшақ шежіресі» деген кітапта «Алаша ханның екі баласының біреуінен Сейілхан, одан сегіз арыс түрікпен, екіншісінен Жайылхан, одан Қыпшақ, кейін қазақ пен қарақалпақ шыққан, түркіпендер боз оқтан, қазақтар үш оқтан тараған делінеді. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемл.) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын “Алаш” ұраны “алаш — алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, Янушкевичтің, Ш.Құдайбердиевтің, М.Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылми мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде — алапес болып туған бала, екіншісінде — алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде — Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде — қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. “Қамбар батыр” жырында (“Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы”), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында (“Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен”), Махамбеттің (“Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма”) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде “Алаш қозғалысы”, “Алашорда”, “Алаш” деген ұғымдарды атауға болады. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді» деп көрсетілген қазақша ашық энциклопедияда.( http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88)
Ақселеу Сейдінбектің «Балталы бағаналы ел аман бол» деген шежіресінде : «Алаш – Сейілқан (сегіз арыс Түркімендер), Жайылқан (Естек, Татар, Башқұрыт), Майқы – Өзбек, Сақыпжан – ойық қалпақ (Қырғыз, Сұйыр), Созақ (Төлен, Қарақалпақ) Қазақ – Ақ арыс (ұлы жүз) , Жан арыс (орта жүз), Бек арыс (кіші жүз). Ақ арыс – жұманбай, кейкі, төбей, үйсін, майқы, қоғам, құйылдыр, мекірен. Жан арыс - қара, тарақты , арғын, найман, қыпшақ , қоңырат, керей , уақ. Бек арыс – бай ұлы, қаракесек, жетіру» - деп көрсеткен.
Ендеше, аз қазақты алтыға бөліп, алты арыспен шатастырып, араздастырғанша ғұлама аталарымыздың деректеріне сүйене отырып, былай шешім шығаруға болады: «Алты Алаш» тек қазақты ғана көрсетпейді, Алты Алаш – Қазақ (Ноғай, Қарақалпақ), Татар мен Башқұрт, Түркімен, Өзбек (Құрама), Құмық, Қырғыз қатарлы тілі мен діні, ділі бір халықтардың ортақ атауы.
Алты Алаш: Қазақ (15 млн), Ноғай(200 мың), Қарақалпақ (650 мың), Татар (Қырым Татарларын қосқанда 8 млн), Башқұрт (2 млн), Өзбек (Сарттанып кеткен 30 млн , Құрама (Өзбектеніп барады мөлшермен 100 мың), Түркімен (8 млн), Қырғыз (4,5 млн), Құмық (503 060).
Ноғай - ежелден қазақ тайпасы. Қарақалпақ – 1743 жылы Әбілхайыр ханның ренішімен бөлініп кеткен қазақтың кіші жүзіне жататын тайпа. Орыс патшалығының қазақты бөлшектеу саясатының құрбаны. Құрама - қазір Өзбектерге сіңіп бара жатқан қазақ руы. Ал қазіргі Өзбектер Сарттанып кеткен, сол себепті оларды Алты Алашқа қосудың қажеті шамалы. Түркімендердің бір бөлімі парсыланып кетті. Алтайлар Ислам діні жетпей қалған Қазақтар болса, Хакастар Ислам діні жетпей қалған Қырғыздар. Жалпы жағдайдан қарағанда, Қазақ, Ноғай, Татар, Башқұрт, Құмық, Құрама, Қырғыз қатарлы ұлттардың қазіргі мүмкіндігі бір-біріне өте жақын туыстық қатынасымен және ұқсас тағдырларымен ерекшеленеді.
Алаш ұранды ұлттардың бірігуі ұлттық қауіпсіздікке серпін береді
Айдың-күннің аманында Елдің басына төніп келе жатқан пәлені қашан келеді деп тосып отырудың қажеті жоқ. Қазақ қай қашанда өзгені өзіндей ойлаған бейуаздығы мен ештеңеге асықпаған бейғамдығының кесірінен зян тартқан ел. Қазіргі Қазақстандағы саяси-әлеуметтік, тарих, экономикалық жағдай осыны дәлелдеп отыр. Енді бұрыңғыдай «жалпақ шешей» өмірдің керегі жоқ. Нақты да кесімді түрде ұзақ болашақтың жолымен жүруіміз керек. Бұл байбалам емес, қазіргі геосаяси жағдайдың дамуы осыған алып келгенін түсінгендік. Украинадағы саяси жағдайдың ушығып, территориялық тұтастығының бұзылуы, Грузиядғаы территориялық бөліну қатарлы жағдайлар бізге жасалған ескерту. Бұл енді Қазақстанға таяп келеді. Ендеше, Ресей үшін Горбачевтің ел басқарған кезіндегі қателігін түзетіп, биліксіздік хаостың кесірінен бөлініп кеткен елдерді қайта қосып алудың соғысы қарқынды жүріп жатыр. Орыс империясы Қазақстандағы әскери горнизондарында арнаулы сақшылар дайындап жатқаныны да ақпарат көздерінде жарияланды. Тіптен, Қазақстанның «Оралмандардың» отанға оралулары мен азаматтық алуларына шек қойылуын да, Қазақстанның ұлттық мүддесін орыстармен байланыстыруды да Ресей елінің жеңісі ретінде қарауға болады. Осылайша, «Ресей ойына келгенін істеуде». Ресей өз мақсаттары мен саясатын жемісті жүргізіп отырған алпауыт ел. Оны жамандап ештеңе таппаймыз. Қайта «Үйренген жау атысарға жақсы» деп олардың өз істегендерін өздеріне істетудің жолын қарастыруымыз керек. Қазір бұл жағынан мүмкіндіктер толып тұр, тек ақыл мен айла керек.
Қазір Қазақстанның билігіне сеніп отыратын да заман емес. Себебі, жауының қабағын бағып, аяғынан ас ішкен адамнан ешқашан жақсылық күтуге болмайды. Ол туралы ата-бабамыз: «Құл жиылып ел болмас», «Бір жыл ашыққаннан қырық жыл ақыл сұрама» деген кесімді өсиет қалтырған. «Битке өкпелеп, тоныңды итке тастауды» енді доғару керек. Алла-Тағала бұйыртқан 22 жылдық тәуелсіздігімзде көп шындықты көрдік. Енді барынша эквивалентті саясат пен байланысқа көшкен абзал.
Біздің ең маңызды ұлттық қауіпсіздікке саятын мәселеміз – ұлттық сапа мен сан мәселесі. Украинадағы ұлттық сапаның деңгейі Орыс агрессиясына қарсы тұра алмады. Тіптен Орыстанып кеткен Украиндер мен Орыс тілді халықтың бұрыннан келе жатқан құлдық санасы Орыстың пайдасына қызмет етті. Тіптен, Орыс Украин халқының қолымен Украинаны жаулады. Міне, бұл саяси сапа мен ұлттық сапаның рөлінің қаншалықты екенін көрсетіп отыр.
Қытайдың азаткер төрағасы Мау Зыдуң: «Адам саны сапаға айналады, сол үшін адам көп болуы керек» деген сөзінің құнын түсінгеніміз жөн. Міне, бұл әлемді тіксіндіріп отырған Қытайдың маңызды саясаты болатын. Егер ұлтымыздың саны артса сәйкесінше сапасы да өсетіні сөзсіз.
Бірінші, Ұлттық сапалық тәрбие. Бұл – қазақылық. Біз - адамгершілік пен салт-дәстүрді негіз еткен қазақылық тәрбиесін сіңіру арқылы, томаға тұйық, санасы уланып, еңбегі құлданған халқымызды құтқаруымыз керек. Демократияның шапкасын киіп, Гендірлік саясаттың тақымына жабысқандардың көзін ашу керек. Түрі мен тілі қазақ болғанымен Ұлттық құндылықтың уызына қанбай, ата тәрбиден алыстап қалған елді ашық әрі нақты түрде тәрбиелеуіміз шарт. Тілі қазақ болмаса да қазақ үшін күресіп жүрген Алаш ұрандыларды құрметтеуді де ұмытпауға тиіспіз. Тар мағынадағы ұлтшылдықтан кең мағынадағы ұлтшылдыққа көшетін кез келді.
Екінші, ұлттың санын өсірудің барлық мүмкіндігін жасау керек. Үкіметтен де, биліктен де шама кеткен. Енді ұлттық аңыс пен зялылардың дүмпуі арқылы ұлттық табиғи потенциалын пайдалануға тиіспіз. Ұлттық тәрбиені бірлестіре отырып, ақпараттық және қоғамдық аңыс арқылы туытты дәріптеуге көшкен жөн. Бұл, әрине, аузы дуалы, салауаты салмақты абыз ақсақалдарымыздың, әз аналарымыздың тәрбиесін ұлықтау негізінде іске асуы тиіс. Тіптен, үкімет пен билікке ақпараттық, қоғамдық ықпал жасаған дұрыс. Ал қандастар мәселесі - Қазақстанның ел болып тұру-тұрмау мәселесін шешетін маңызды буындардың бірі екенін тарих дәлелдеген.
Үшінші, «Алты Алашты» - қазақпен шектеу саяси топастық. Ұлтқа қастандық. Алты Алаш – Қазақ (Ноғай, Қарақалпақ), Татар мен Башқұрт, Түркімен, Құрама, Құмық, Қырғыз қатарлы тілі мен діні, ділі бір туысқан ұлттар. Оларды Қазақтармен қатар Алаш ретінде танып, олардың Қазақстанға оралуы мен дамуына көмектесіп, сыртқы саясатымыздың маңызды бөлігіне айналдыруымыз керек. Осы арқылы сан мен сапа мәселесін шешуге серпін беруге болады. Бір жағынан алғанда елімізге пайдалы, енді бір жағынан оларға да пайдалы саясат болмақ. Әсіресе, Ноғайлар мен Құмық, Құрамаларды енді басқаларға жалтақтатып қоюдың қажеті шамалы. Енді үлгірмесек, онсыз да тағдырдың тауқыметін тартқан туысқандарымыздан біржола айырылып қалуымыз мүмкін. Тіптен, Оралман ретінде Қазақстанға көшіріп алудың мүмкіндігін қарастыру керек. Оған Қырымға кеткен туыстарымызды қосыңыз. «Бүкіл Түркілер» деп денемізге сай келмейтін киімді кигіміз келеді, ол қазірше мүмкін емес екендігін түсінгеніміз дұрыс. Алдымен Қазақ, сосын Алты Алаш (Қыпшақ түркілері), онан кейін барып жалпы түркілікті дәріптеу керек. Еліміздің қазіргі саяси-элеуметтік жағдай мен өресі осыған ғана қуатты. Аттыға ілесе алмаймыз. Оған Қазақстандағы ушыққан әлеуметтік жағдай мен құлдық сана, құлдық психология жол бермеуде.
Бұл жерде тағы бір айтар кетерлік жәйіт, бүкіл «Алты Алаш» Түркілердің атап айтқанда Қазақ, Татар, Ноғай, Башқұрт, Құрама, Құмық қатарлы туысқандарымыздың басына түскен ортақ тағдыр, ортақ қиындық – Орыс имериясы мен Орыс нацистерінің қолымен жасалған әрі жалғасын тапқан отарлық езгі, отарлық қысым. Сол имерияның санасымен уланып, тағдырымызға балта шабылуда. Ресейдің зұлымдығы мен сананың сатқындығының кесірінен ұлттық мүддеміз тапталып, рухымыз қайрандауда. Украин сынды туысқан қандасын аямаған Орыстан жақсылық дәметудің өзі ақмақтық. Ендеше, барлық Алаш ұранды азаматтар дүрік көтеріліп, болашақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күресулері керек. Әр жерде айқайлағанмен пайдасы шамалы. Ал басқа Түркілер үшін мүсіркеу күтуден басқа амал жоқ. Олар тіптен, бізді құтқаруға құқылы емес, әр қайысысының өз мәселелері толып жатыр.
Мысал, Оғыз түркілері Иран мен Әзербайжандағы, Гагауыз бен Сириядағы өз проблемаларын шешіп алсын. Қарлұқ Түркілері үшін Ұйғыр проблемасы жетіп жатыр. Сақалар мен Якуттардың жөні басқа. Ал қазіргі Өзбектер сарттанып кеткендіктен оларды Қарлұқтарға жатызған жөн. Сол үшін оларды Алты Алашқа қосудың қажеті жоқ.
Демек, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаштықтардың арманы мен идеясы іске астан кез келді. Алаш ұранды халықтар бірігу арқылы сан мен сапа мәселесін шешуде бір қадам алға жылжуға болады. Ортақ арман мен мақсатты бірге көтеріп, болшағымыз үшін күресу кезек күттірмейтін міндет, парыз!
Сол үшін Алты Алашымыз ала болмай, бірлікке, тұтастыққа ұмтылуы тиіс. Ал бізге, Алаш баласына сол бірлік пен ірілік үшін күресу міндет. Алла Алаш баласының басын қосып, санымызды көбейтіп, санамызды есейтуді нәсіп етсін!
Abai.kz