Жұма, 22 Қараша 2024
Спорт 520 0 пікір 2 Қазан, 2024 сағат 14:43

АUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті

Суреттер: «Халық» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі

Алматыдағы Спорт және туризм академиясының төрінде «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті. Іс -шараға спорт майталмандары мен жобаның негізін қалаушылар, танымал жаттықтырушылар, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.

Жиында АUYLSPORT жобасының ауылдық аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі мен маңызы, алдағы жоспарлар және өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы айтылды. Жобаны «Halyk» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры  Ғалымбек Жақсылықов  таныстырады.

«AUYLSPORT жобасының негізгі мақсаты - ауыл балалары мен жасөспірімдерін спортқа тарту, спортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.Ауылдағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және жаңа дағдыларды үйрету.

Жоба аясында  бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахматты  қамту көзделуде. Жобаға ауылдық жерлерде бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданып жүрген 8-14 жас аралығындағы 12 000-ға жуық балалар мен жасөспірімдерді қамту жоспарлануда»,- деді Ғалымбек Жақсылықов

AUYLSPORT жобасының ауыл жастары үшін зор мүмкіндік екенін айтқан қатысушылар спортты дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін, лебіздерін жеткізді.

Жиында сөз алған олимпиада жүлдегері Ермахан Ибраимов мықты спортшылардың көбісі ауылдан шығатынын айтты.

Ол: «Өздеріңіз білесіздер спорттағы кіл мықтылардың барлығы ауылдан шыққандар. Сондықтан ауыл спортын дамытуға арналған жобаны қолдаймын. Бұл спортшы болғысы келетін ауылдың қарадомалақ балаларына үлкен қолдау. Болашаққа жолдама дер едім ».-деді.

Жиын соңында  Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Halyk» қайырымдылық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум ауылдық жерлерде спортты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңін бастайды.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321