Қазақстанда әскер саны қанша? Рейтинг не дейді?
Қазақстанда бұрын бекітілген мерзімді әскери қызметшілер саны 40 202-ге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Үкімет қаулысында көрсетілген.
«2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе мерзімді әскери қызметке шақырудан босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 40 202 ер азаматты мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету», - делінген Үкімет қаулысында.
Қаулы 2024 жылдың 26 қыркүйегінен бастап жарамды. Бұған дейін 39 180 адамды әскерге шақыру жоспарланған болатын.
Қазақстан әлемде әскер саны бойынша 110 мың адаммен 46-орында. Бұл көрсеткіш Ресейді қоспағанда, Орталық Азия мен ЕАЭО елдерінен жоғары. Тізім әр елдің құрлықта, теңізде және әуеде соғыс жүргізудегі әлеуетіне негізделген.
Abai.kz