Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3365 0 пікір 13 Наурыз, 2014 сағат 15:40

Мирзоян және Көктем мен Қыстың тартысы...

1-сурет: Қазақстанды 1933-1938 жылдары басқарған Мирзоян

2-сурет: Мирзоянның репрессиялауға байланысты лимитті көтеру туралы Сталинге жазған хаты

3-сурет: Алматыдағы Мирзоян көшесі көрсетілген веб-карта

4-сурет: «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта тұрған Ленин ескерткіші

5-сурет: Украинаның  Винницк облысы, Побережне ауылындағы басынан айырылып, қираған Ленин ескерткіші

Жалпы мерзімі – 5 жыл, яғни, 1933 жылдан 1938 жылға дейін Қазақстанды басқарған Мирзоянның атында ел аумағында мыңдаған көше бар. Бұл көшелерге Мирзоян есімі совет өкіметі кезінде берілген.

Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алды. Қазір - 2014 жыл. 23 жыл. Ал, Мирзоянның және басқа большевиктердің ескерткіштері мен олардың атындағы көшелер сол қалпы, мызғыған жоқ.

Билік тарапынан коммунисттердің атындағы көшелерді түгелдей ауыстырып, ескерткіштерін құлату туралы бастама болған емес. Әрі неліктен мемлекет құрушы халықты қасақана қырған коммунистердің ескерткіштері жойылып, көшелері ауыстырылмай келе жатқанына ресми түсіндірме жауап күні бүгінге дейін жоқ.

Ресми билік қоғам іштей күткен дүниелерге жауап бермеген жерде азаматтық қозғалыс басталатыны дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе. Ал, биліктің үнсіздігі – орысшылдығы және Қазақстандағы басқарушы билік пен ірі лауазым иелерінің бәрі дерлік совет өкіметінің тұсында коммунистік партия мүшесі болған, адал қызмет еткен, қызмет жолында өсуі коммунистік жүйемен тікелей байланысты адамдар. Олар үшін совет өкіметіне, коммунисттерге қарсы шығу, жоққа шығару – өздеріне және санасында шегеленіп қалған «ұлы орыс халқына» қарсы келу, қылмыс! 23 жылдағы Тәуелсіз Қазақстан билігінің советтік ескерткіштер мен көшелерге қатысты ұстанымын осылай деп қана жоруға болады.

Әрине, қоғам бір орнында тұрмайды. Алты ай қыстың да артынан көктем келеді. Мирзоян көшесінің атын ауыстыру жөніндегі тарихшылар, жергілікті билік пен қоғамдық белсенді азаматтардың арасындағы тартыс қыс пен көктемнің тайталасын еске салады. Қыс қанша қасарысқанымен көктем келері сөзсіз. Бірақ, қыстың қаһарынан қорыққан адам көктемді күтпей-ақ қойса да болады... Себебі, жалтақтар мен қорқақтардың жүрегі мен санасында көктемге орын жоқ. Олардың жалғыз көзді жалмауыз билеушісі – саяси үрей мен қызметқұмарлық қана.

Abai.kz сайты Мирзоян мәселесін көптен бері көтеріп келеді. Әгәрәки, көз жүгіртем десеңіз, мына сілтемелерді қарауыңызға болады: http://old.abai.kz/node/38600, http://old.abai.kz/node/4670, http://old.abai.kz/node/13831, http://old.abai.kz/node/15024, http://old.abai.kz/node/16908

Р.S.

65-нші нөмірлі автобусқа отырдым. Жолақысын жинайтын жігіт әр аялдама сайын: по Ленина верх деп айғайлады. 23 жыл.

Үйге барар жолда «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы аядай саябақта Ленин мен Калининнің ескерткішінің жанынан өттім. Үйге келіп, интернет қарадым: қазақ тарихшыларының «Мирзоянның есімін көшелерден әзір алып тастауға болмайды» деп жағалай айтып шыққан сөздерін естідім. 23 жыл.

Теледидар қостым: Мәжілістегі Қазақстан Коммунисттері партиясы фракциясының мүшесі, бір депутат сөйлеп жатыр. 23 жыл.

Басқа арнаға ауыстырдым. Украинаның әртүрлі қалаларындағы Лениннің 16 ескерткіші құлатылғанын қайталап көрсетіп жатыр екен.

Иә, көктем,

"Сен мені не етерсің?

Мені тастап..."

Abai.kz

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Мирзоян есімін көшелерден алып тастауға байланысты отырыста Алматы қаласы ішкі саясат қызметкерлері, тарихшылар және Мұхтар Тайжан, Қасым Аманжолұлы бастаған азаматтардың айтқан сөздерін төмендегі видеодан көре аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371