Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4723 0 пікір 14 Наурыз, 2014 сағат 05:43

Таныс болыңыз, су жаңа министр Арыстанбек Мұхамедиұлы

Президент Н.Назарбаевтың 11 наурыз күнгі № 766 жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды.

А.Мұхамедиұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.

Бұның алдында 2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.

Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінің маманы болды. 1993 жылы ҚР мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.

2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2757
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836