Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2907 0 пікір 14 Наурыз, 2014 сағат 07:54

Ауыт Мұқибек. «Оралман» деген мәртебенің керегі жоқ. Оралса болды!

Бұл жанжал – ерте ме, кеш пе, бәрібір туылатын жанжал... Гәп оның ерте - кештігінде, үлкен - кішілігінде ғана. Ал, оның қазір туылуы бізге біршама тиімді. Бәрінен тиімдісі – сақа жолдастардың (көне көздердің) үлкен бір тобының көзі тірі.

Дэн Сяопин

 

Украинадағы дүрбелең мен Лимонов мәлімдемесінен бері Елбасы Н.Назарбаевта тыным жоқ:

Бұл жанжал – ерте ме, кеш пе, бәрібір туылатын жанжал... Гәп оның ерте - кештігінде, үлкен - кішілігінде ғана. Ал, оның қазір туылуы бізге біршама тиімді. Бәрінен тиімдісі – сақа жолдастардың (көне көздердің) үлкен бір тобының көзі тірі.

Дэн Сяопин

 

Украинадағы дүрбелең мен Лимонов мәлімдемесінен бері Елбасы Н.Назарбаевта тыным жоқ:

25 - ақпанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын. Ертесі (26 - ақпан) Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді. 3-наурыз күні Ақордада Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерінің басын қосты. Наурыздың 4-і күні  Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы тағы сөйлесті. Ертесі (5 - наурыз) Ресей астанасы Мәскеуге барды. Мәскеуден келе салып, 6 - наурыз күні ҚР Қорғаныс министрлігінде жедел-стратегиялық кеңес өткізді. Сол күні  ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чен Гопинді қабылдады. 10 - наурызда Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркельге  телефон шалды. Осы күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы үшінші мәрте сөйлесті.

Кеше – 11 - наурыз телефон тұтқасын АҚШ Президенті Барак Обамаға бұрады. Алда Қытай сапары...

Осыған қарап-ақ жағдайдың  Қазақстанға қатысты геосаясат әлемінің тынышы кетіп тұрғанын бірден шамалауға болады.   Нұрекеңнің өз сөзімен айтсақ, «Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны ұстап тұру да оңай емес».

Мұндай жағдайда не істеу керек?!

Әрине, мемлекет құрушы ұлт бірауызды болғаны жөн! Өткенді қазбалап, бір - біріне кінә таға беруден келер еш пайда жоқ. Ел тізгінін ұстаған кісі бұл тығырықтан да алып шығатын болсын! Біздің міндетіміз – оған дем беріп, көмектесу! Сөйтіп, Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу – парызымыз!

Нұрекеңді қойып, міне, менің де телефонымда тыным жоқ. Обама болмаса да, алыстан келген ағайынмен таң атқаннан, кеш батқанша пікірлесудемін. Сондағы бәріміздің айтатынымыз бір-ақ ауыз сөз – шеттегі бес миллион қазақтың көшін Қазақстанның Солтүстік облыстарына бұрмай, ешқашан Мәңгілік Ел бола алмаймыз!

Абайдың 1898 жылы И. А. Крыловтан аударған «Қазаға ұрынған қара шекпен» («Қорасында бір байдың...») деген керемет өлеңі болушы еді ғой. Украина қазір сол мысалдағы байдың күйінде де, біз оның «Бөз орнына сөз бергіш» «құда», «тамыр», «достарының» кейпіндеміз. Құдай оның бетін ары қылсын, ертең Лимоновтың айтқаны келіп, Солтүстік өңірімізге қауіп төнсе, бізбен «мәңгілік стратегиялық әріптестік пен достыққа» уағдаласқан барлық алыс - жақындағы мемлекеттердің де Қазақстанға жасар «көмегі» осы болмақ. Біреудің кепілдігі дегеннің де әуселесі белгілі болды. Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік береміз деп, қайта өздерінің кем дегенде бір - бір  мүддесін шешіп алмады дейсің бе сол бес ел?! Оның үстіне, өзің өсіп - өнбесең, шеттегі қандастарыңды шақырып, халқыңды көбейтпесең, олар  саған қашанға дейін кепіл боп отыра береді!? «Кепілдікке» кім кепілдік береді??!

Қазақстан халқының саны 30 миллионнан артық болып, қазақ оның тоқсан пайызын ұстаса, шегаралық аймақтар ауылдарға толып тұрса, бүйтіп көрінгенге жалтақтамас едік қой. Есесіне, ел бізге телефон соғар еді!? Маралтай мен Әмірхан шығып Шығыс Түркістанды, Орынбор мен Омбыны қайтарып аламыз деп айғай салатын еді?!

Негізі, бұлай жасау аса қиын шаруа емес!

Біз – шетелден оралған қазақтар мұнда, ешқашан да, Ресейге бодан болу үшін емес, Қазақстанның мәңгілік Тәуелсіздігін сақтау үшін келгенбіз! Жер бөліп беру үшін емес, сол жерге қоныстану үшін оралғамыз!

Қазақстан билігі мынаны терең түсіне білуі керек: Қазақ жерін қазақтан өзге ешкім де қорғамайды. Қазақстан – тек қазақ үшін ғана керек!!! Бәрібір, Қазақстанның бүгін болмаса, ертең сол шеттегі жаман қазаққа күні түседі. Сондықтан жұмысты қазірден бастағаны жөн! Қазір алыстан келетін ағайын квота (көмек ақша) дәметіп отырған жоқ, «Оралман» деген мәртебенің де түкке керегі қалмады. Олар  тұяғына сүрінген кедейлерден емес, шетінен ауқатты, іскер, отаншылдар. Жеке бас куәлігінде «Ұлты ҚАЗАҚ» деп жазулы тұрса болды, бірден жеңілдетілген тәртіппен тездетіп азаматтық берсе, қоныстанатын аймағын көрсетсе ғана болғаны Қазақстан. Басқа нәрсе сұрамайды сенен. 

Қазір, көріп отырсыздар, Ресей үшін «Бір мемлекет аумағын екінші мемлекетке қосуға мүмкіндік беретін әрбір жағдай үшін халықаралық келісім жасаудың қажеті жоқ, ең бастысы референдум немесе басқа да формалар арқылы халықтың еркі айқындалса жеткілікті» екенін «azattyq.org» сайты  жазды жақында.  

Ол аз десеңіз, Ресей үкіметі наурыздың 4-і күні «Шет мемлекеттердің азаматтығынан бас тартқан, орыс тілінде сөйлейтін азаматтарға  Ресей азаматтығын берудің жеңілдетілген тәртібі туралы» жаңа заң жобасын ұсынды.  Бұл жоба бойынша Ресей азаматтығы бұрын Ресей империясы мен СССР аумағында тұрған орыс тілді азаматтарға беріледі. Олар Ресей аумағында жарты жыл тұрса ғана болғаны.

Ал, біздің Үкімет... Біздің Үкімет әлі ұйқыда, шырт ұйқыда! Ояу болса, мынадай нақұрыс Қаулы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000111#z21) шығармас еді ғой, шіркін! Өзінше оралмандарды жек көреді! Пішту - у - у - у - у - у - у...!!!

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408