Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 14 Наурыз, 2014 сағат 08:09

Алматының әкімі кім болады?

«Демократиялық Қазақстан» қозғалысының белсенділері Алматы қаласының әкімі Дариға Назарбаева болса дейді. Керек десеңіз олар халықтық сайлау комитетін құрып, қала басшылығына кандидатттардың тізімін белгілеп те қойған көрінеді. Олар:

Дариға Назарбаева

Балташ Тұрсынбаев

Иманғали Тасмағамбетов

Мэлс Елеусізов

Сергей Дуванов

Ахметжан Есімов

Қырымбек Көшербаев

Бір қызығы, «Демократиялық Қазақстан» қозғалысының белсенділері өздері кандидаттар тізіміне енгізіп қойған қазіргі Алматы әкімі Есімовті орнынан алу туралы мәселе көтеретін митинг өткізуге рұқсат беруін сұрап әкімшілікке өтініш жазыпты.

Бастамашыл топтың басы-қасында жүрген Мұрат Телебеков дейтін әйгілі адам митинг 23 наурыз күні өтеді депті.

Ал, бұ кісілерге Есімов неге жақпай қалды десеңіз, әкім білім саласындағы жемқорлықты тыя алмай отыр екен. Алайда жемқорлықпен күресе алмайтын әкім «Демократиялық Қазақстанның» тізіміне еніп, үміткерлердің қатарында тұр. Сонда бұл не? Біздіңше бұл – қалалық әкімшіліктің арзан қулығы. Себебі, Украинадағы жағдайға байланысты іштей толқу үстіндегі қоғам мереке күндері халық көп жиналатын жерлерде сыр беріп қалуы мүмкін деген үрейден Алматы қаласының әкімшілігі жұрттың назарын басқа жаққа аудармақ болып осындай әңгіме тарқатып отырса керек.

Қала халқынан қорқатын қала әкімшілігі...

Күлеміз бе, жылаймыз ба?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408