Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3172 0 пікір 17 Наурыз, 2014 сағат 04:36

Интернет-конференция: Жанар Байсемізова (2-жауап)

Конференциямыздың кезекті қонағы – «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, жүргізушісі әрі продюсері Жанар Байсемізова оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр.

Жанар шетелдегі телехабарлар туралы сауалға жауап бере келіп, былай дейді: «Еуропа елдері мен Америка, Канадада көргенім ол жақтағы телехабарларды, жаңалықтарды өте ересек адамдар жүргізеді. Отыздан асқан, қырық, елу, алпыс, тіпті жетпістен асқан өмірден көрген-білгені бар, сараптама жасай алатын, сөйлем құрай алатын. Қоғамдық пікірі қалыптасқан, оң-солын ажыратқан, эмоциясын тия алатын, халықты өзіне сендіре алатын, қарата алатын, ой-өрісі кең кәсіби мамандар. Жастар эфирге келу үшін ұзақ жолдан, тәжірибеден өтеді».

Abai.kz

 

- Барлығы тілді ұмытқан. Отаны үшін бірдеңе істер кояр дегенге сену қиын, аман болсын, барлығы сау балалар екен, бұрын айтушы еді ауру балаларды ғана береміз деп.

- Әрине, ес тоқтатпай елден кеткен қаракөздерден басқа не күтеміз?! Олардың қазақылықтан ажырағаны үшін тарих алдында өзіміз жауаптымыз. Олардың кінәсі жоқ. Сәби кездерінде олардан ешкім  сұраған да жоқ, сені шетелдік азаматтардың асырап алуына қалай қарайсың деп. Олар жауап та бере алмайтын шақта еді...

Конференциямыздың кезекті қонағы – «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, жүргізушісі әрі продюсері Жанар Байсемізова оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр.

Жанар шетелдегі телехабарлар туралы сауалға жауап бере келіп, былай дейді: «Еуропа елдері мен Америка, Канадада көргенім ол жақтағы телехабарларды, жаңалықтарды өте ересек адамдар жүргізеді. Отыздан асқан, қырық, елу, алпыс, тіпті жетпістен асқан өмірден көрген-білгені бар, сараптама жасай алатын, сөйлем құрай алатын. Қоғамдық пікірі қалыптасқан, оң-солын ажыратқан, эмоциясын тия алатын, халықты өзіне сендіре алатын, қарата алатын, ой-өрісі кең кәсіби мамандар. Жастар эфирге келу үшін ұзақ жолдан, тәжірибеден өтеді».

Abai.kz

 

- Барлығы тілді ұмытқан. Отаны үшін бірдеңе істер кояр дегенге сену қиын, аман болсын, барлығы сау балалар екен, бұрын айтушы еді ауру балаларды ғана береміз деп.

- Әрине, ес тоқтатпай елден кеткен қаракөздерден басқа не күтеміз?! Олардың қазақылықтан ажырағаны үшін тарих алдында өзіміз жауаптымыз. Олардың кінәсі жоқ. Сәби кездерінде олардан ешкім  сұраған да жоқ, сені шетелдік азаматтардың асырап алуына қалай қарайсың деп. Олар жауап та бере алмайтын шақта еді...

- Жанар, өз отбасың бар ма? Балалар үйінен бала бағып алу ойың бар ма?

- Әзірге отбасын құрған жоқпын. Бірақ бала асырап алу ойы маған мектеп жасында келген. Мүмкін осы тақырыппен айналысуыма да сол түрткі болған шығар. Осы тұста айта кету керек қазір жалғыз басты адамдарға бала берілмейді. Сәби тек толыққанды отбасында өсуі тиіс деген тұжырым қалыптасқан. Бірақ елімізде баланы өмірге әкелетін биологиялық сағаты өтіп кеткен әйелдер өте көп. Бұл да ойландыратын мәселе.

- Жанар сіңілім, Сіздің Батыс елдеріндегі қазақ балалары туралы бағдарлама арқылы объективтік ақпарат беруге тырысқаныңызға ризамыз. Әйтпесе Ресейде саяси астармен орыс балаларын асырап алған американдық отбасыларын жаппай қаралау орын алды. Бізде де жылы үйінде отырып алып аузы көпіретін"патриоттар" жеткілікті Ал өзі сол ауру балалардың біреуін алуға еш құлқы жоқ /жалпы біздің сана, менталитет арта қалған. Баяғыдан бізде бала асырап алса одан шындықты жасырып әлек болады,т.с.с./ Құдайшылықты айту керек: әрине балалардың кеткені өкінішті бірақ ол бұл жақта бала болып жарытпас еді! Шет елдіктерге көбінесе науқас балаларды береді Олар көп ақшамен емдеп "тірілтіп алады". Сөйте тұра жалпылдап, жасырмақ түгіл домбырасын да ойнатып отырады. Ендеше, бос сөз не керек?! Сіз сол американдықтардың т.б. үйлеріне кіріп келгенде ағылшынша да бір екі сөз айтып, яғни "сыйға сый сыраға бал " дегендей нәзік этикалық шекараны ұстансаңыз нұр үстіне нұр болар еді Олар білдірмегенімен кейбір нәрселер көңілдеріне келуі де мүмкін, басынуымызға болмайды. Сыпайылықты қоя тұрсақ, әңгіме сатылып кеткен тірі "тауар" жайлы болып тұр. Оларды аналары бір тастап сосын өкімет сатып жіберген, орыс болса "ары кет!" дер еді. Болған іс болды. Ол – тағдыр. Енді балалардың сол жаққа адаптацияланып бақытты болып кетуін ғана ойлаған жөн. Осыны ескерсеңіз, рахмет.

- Орынды пікір. Сізге айтарым, қазақ балаларын асырап алған әр шетелдік отбасына барғанда сыпайылық сақтаймып, әдептен озған жерім болған жоқ. 

- Жанар қарындасым, шетелдегі қазақ балаларының қазіргі тағдырын білу әрине, қажет. Еңбегіңе ел риза. Бірақ, солардың жат елге қалай, қандай жолдармен және қаншаға кетіп жатқанымен айналысқан адам жоқ. Жүректілігіңді көрсетіп, мәселенің осы жағымен айналысып көрші. Н.Қошаманұлы.

- Рахмет! Сенім артқаныңызға. Бұйырса, ол да болар...

- Жанар, мерекең құтты болсын! Жобаң кремет! Ұлтқа пайдалы жұмыс жасап жүрсің, рахмет саған. Әр хабарыңды көрген сайын көзіме жас келеді. Әсіресе, АҚШ та жүрген Жанна деген қыз сөйлеп тұрып жылағанда жүрегім аузымы тығылды. Жинап жүрген материалдарыңды бірнеше жерге сақтап қой. Осы қазақ балаларды асырап алғандардың ішінде араб елдері немесе Таяу Шығыс елдері бар ма екен? Асырап алған отбасыларда мұсылмандар бар ма екен?

- Рахмет! Бұл менің ғана емес, шығармашылық ұжымның еңбегі! Өкінішке қарай өзім аралаған отбасылардың ешбірі мұсылман емес. Бізден бала асырап алғна елдер ішінде түрік бауырларымыз да бар, әзірге олармен жолықпадық. Қырғыздар да бізден бала алған. Араб елдерінен жоқ.  

- Асырап алған балалардың дене мүшесін өзіне салдырып алады, балалар жарымжан жүреді деген ақпар жайлы не анықтай алдыңыз?

- Осыны ойласам, тұла бойым түршігіп кетеді. Кейбір шетелдік азаматардың ішінде күдік тудыратындары да кездесті. Бірақ бір күмәнге сүйеніп еш нәрсені дәлелдей алмайсың... Солай болған күннің өзінде біз бұны ешқашан білмейміз...

- Балалар ертең есейген соң Қазақстанға өшіге ме, сіздің ойыңыз?

- Егер, біз қазірден бастап олармен қарым-қатынасты үзбесек, жақын тартсақ ондай деңгейге барады деп ойламаймын. Оның үстіне олар мүлдем басқа менталитетте тәрбиеленіп жатыр. Қазақ ортадағы біз бен оларды салыстыруға мүлдем келмейді. Дегенмен  баланың психологиясы есейген сайын құбыла түседі. Психологтардың айтыунша және өзімнің де көз жеткізгенім бала ересек тартқанда өзін туған ата-анасы не үшін тастап кеткенін қатты ойлап, уайымдай бастайды екен.

- Қай ұлттың балалары көп кетіп жатыр шет елге?

- Қазақ ұлтының өкілдері... Араларында Қазақстандағы орыс, украиндар бар. Бельгияда мен бір ұйғыр қызды да кезіктірдім, ол да Қазақстаннан. Ал, Канадалықтар Қазақстаннан бір моңғол баланы асырап алыпты.

- Бала сату ол - Үкіметті қаржыландыру ма? Мақсат не?

- Үкімет үшін мен жауап бере алмаймын...

- Жалпы шеттегі балалар тағдыры сізді қалай ойландырып жүр?

- Әрине, мұндай жобаны жасап жүрген соң, ойландырмауы мүмкін емес. Мен әр бағдарлама сайын олардың өмірін өзімнен өткіземін. Бұл өте қиын. Сансыз ойлар мазалайды. Бірақ оның барлығын  айта алмаймын...

- Шетелге барып жүрсіз. Біздегідей әнші, биші жүргізуші, әнші-бишілер талқысы, әнші бишілер қонаққа шақырылатын бағдарламалар көп пе ол жақта? Неге кәсіпкерлер, ғалымдар, саясаткерлер, халыққа танымал тұлғаларды дәріптемеске ? Бұған не айтарыңыз бар.

- Еуропа елдері мен Америка, Канадада көргенім ол жақтағы телехабарларды, жаңалықтарды өте ересек адамдар жүргізеді. Отыздан асқан, қырық, елу, алпыс, тіпті жетпістен асқан өмірден көрген-білгені бар, сараптама жасай алатын, сөйлем құрай алатын. Қоғамдық пікірі қалыптасқан, оң-солын ажыратқан, эмоциясын тия алатын, халықты өзіне сендіре алатын, қарата алатын, ой-өрісі кең кәсіби мамандар. Жастар эфирге келу үшін ұзақ жолдан, тәжірибеден өтеді. Біздің еліміз де біртіндеп соған келеді деп ойлаймын.  

- Жанар қарындасым, наурыз мерекеңізбен!

Сіз тікелей дайындап теледидардан берген «Шетелдегі қазақ балалары» айдарындағы хабарларыңыздың бәрін болмасада біразын көрдім.

Сізге сұрақ: сіз шеттегі қазақ(мұсылман) балаларының өмір-тіршілігін жан-жақты байымдап көрсетіүге тырысыпсыз, Алла сізге разы болсын, бір әттегенайы ол балалардың мұылман халықтың қаннан жаратылғанын ұмыт қалдырыпсыз, дінімізде және адамзаттың сұлтаны пайғампармыз Мұхаммед (c.ғ.с) хадистерінде келтірілетін: "Бір мұсылман баласын басқа дінге енгізу,бір қаладағы барша мұсылман баласын басқа дінге (кәпір) енгізгендей күнә алады". Алла сақтасын! Өте ауыр күнә арқалайтын жағынан ауыз ашпадыңыз, не себеп болды екен? Сіз кей жоғарғы жақтағы көкелердің мүддесіне тірелетін жерге келгенде ылғида,"сыйпай қамшылап" өтесіз, сонда көрерменнің барлығы еш нәрсе сезе алмайтын сауатсыз деп ойлайсыз ба? СССР кезінде сатылмаған қазақ балалары, егемен ел болғанда саудаға түсіп, шетел асты. Сонда сіздер (түрлі ақпарат құралдары) және "ЕЛ БАСЫН" тәулігінне 25 ағат тынбай жарнамалайтын "жетістік" қайда қалды? "ХАБАР" мен "ҚАЗАҚСТАН" телеарнасының берілген ақпараттың қанша пайызы шындыққа жанасады деп ойлайсың?

- Тура осы сіз көтерген мәселе  әрбір бала мұсылман болып туылады, оны кәпір қылатын ата-анасы деген пікірді және арқалайтын күнә туралы  дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының кіріспе бөлімінде фильм туралы фильмде жан-жақты айтып берген болатын. Сіз бұны «Қазақстан» ҰТА сайтынан телерналар-мұрағат-«Шетелдегі қазақ балалары» тізбегі арқылы өтіп 13.10.2013. көруіңізге болады. Осы жерден өзіңізді толғандырған, ашындырған мәселеге жауап ала аласыз деп үміттенемін. Парасаты биік адам үшін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының басқа емес «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінен көрсетіліп жатқанының өзі ой салар деп сенемін.  Егер жобаның әр көрсетілімін үзбей қарсаңыз қазақтың трагедиясын көресіз...  

- Өзіңіз туралы да білгіміз келеді, туып-өскен жеріңіз, тәрбие алған ортаңыз, жанұя жағдайыңыз және болашақ жоспарыңыз? Абзал Құспан, Орал.

- Туып өскен жерім - Алматы облысы, Қарқара ауылы. Өмір бойғы азығым-ата-анамның, мектеп, университет, жұмыс орындарындағы ұстаздарымның берген тәлім-тәрбиесі. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факултетіне оқуға түсіп, қызыл дипломмен аяқтадым. Телевизия саласындағы еңбек жолым 3-курстан басталды. Ал, негізі 18 жасымнан бері еңбек етііп келемін. Болашақтан үміт күтемін. Армандар орындалады деп сенемін. Тек Жаратушы тура жолдан тайдырмасын, денсаулықтан айырмасын, адамдардың өкпе-наласына қалдырмасын! 

- Жанар ханым!

1) «Шетелге сатылған балалар 18 жасқа толғанша ҚР азаматы саналады, сосын өз қалауы біледі» дейді. Бірақ... НЕГЕ: сол асырап алған шетелдіктер – жөргегінде мұхит асырылған қазақ балаларды, сатып алған сәбилерді дереу өз діндеріне (яхуди, христиан, православ, тіпті,секта да шығар, т.т) өткізіп, жедел түрде «шоқындырып» жатыр? Неге Қазақстан секілді сол балалардың 18-ге толуын күтіп, діни сенім таңдауын өз еріктеріне қалдырмайды? Солар әшейінде ауыздарынан тастамайтын "демократиялық таңдау" қайда?

2) Егер бұл жағдай реттелмейтін болса, яхудиге айналған баланың 18-ге толуын күтіп, ҚР азаматтығын алуына мүмкіндік бергеннен не пайда? Тіпті, кейбір шетелдіктер: "ертең бала өскенде Қазақстанда тұрамыз десе, көшуге дайынбыз" деп, құлшынып отыр. Ал, сол бөтен діни сенімдегі, жат тәрбиедегі соқталдай "шетелдік, американдық, испандық, канадалық, т.т. Қазақ Еліне оралған күннің өзінде, оның өзі, соңынан ілескен шетелдіктер нендей мақсат көздемек?

Таразы

- Өйткені баланы асырап алған ата-ана оның туылғанда қойылған есімін өзгертуге, өз дінін қабылдатуға заң жүзінде толық құқығы бар. Ал, Қазақстан тарапынан кәмелеттік жасқа толғанша ата-баба дінінен ажыратпасын деген шарт қойылмайды. Осы мәселені зерттеген ғалым Айнұр Көкетаеваның еңбегіне сүйенсек ежелгі Русь шетел азаматтары бала асырап аларда ең алдымен сәбиді провославтықтан ажыратпайсың деген талап қойған екен. Бұл сұрақты мен Балалардың құқығын қорғау комитетіне де қойған едім, бірақ бұл мүмкін емес деген жауап алдым. Нені көздемек, оның астарында не жатуы мүмкін? Сіз дәл осы сұраққа жауапты «Шетелдегі қазақ балалары» туралы кіріспе фильмнен таба аласыз. «Қазақстан» Ұлттық арнасының сайтына-телерналар-мұрағат-«Шетелдегі қазақ балалары»-13.10.2013.  Бала асыраудың астарында не жатуы мүмкін екенін дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы баяндаған.  

- Ақтөбе облысынан шетелге қанша бала сатылғанын білуге бола ма? Өйткені, облыста "сәбилер үйі", "балалар үйі" аз емес. Бұларға кіру, ақпарат алу оңай емес. Жалпы, бала саудасының басы Ақтөбеде 90-шы жылдардың ортасынан бастап қызған дейді. Анық-қанығына жетуге көмектессеңіз.

- Жалпы, ресми түрде Қазақстаннан бала асырау процесі 1999-шы жылдан басталған. Алайда,қазақ елінің қақпасы сыртқа тәуелсіздік алғаннан кейін  көп күттірмей ақ ашылған сынды. Шетелдіктер еліміздің түкпір түкпірінен бала асырап алған. Алматы, Астана, Жезқазған, Шымкент, Орал, Шортанды,Тараз, Есік, Талғар, Көкшетау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылжар, Кереку, Ақтөбе  осылай тізбектеліп кете береді.  Шетелдіктер қайнаған қазақтың ортасынан да, орыстар көп шоғырланған облыстарды да қалдырмай баланы ала берген. Ақтөбе облысынан нақты қанша баланың шетке асқаны туралы әзірге мәлімет менде жоқ. Әзірге шетелге кеткен балаларды зерттеп жүргендіктен менде  қай елге қанша бала берілгені жөнінде нақты ақпарат бар. Егер сіз журналист болсаңыз Ұлттық арнадағы блогыма немесе Фейсбук әлеуметтік желідегі мекен-жайыма жазсаңыз болады, мен сізге ақпаратты қалай алудың жолдарын айтып беремін.

- Салем Жанар! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Алдагы уақытта бұл жоба өз жалғасын таба ма? Шетелдік азаматтарға біздің балаларды асырап алуға Қазақстан тарабы қандай шартпен рұқсат етеді? Егер қандай да бір қиындық туса олардың отбасына сіздер шағымданып қайтарып ала аласыздар ма? Мұндай оқиға кездеспеді ме? Және сол шетелдік азаматтар қандай мақсатпен асырап алады, балалы бола алмағаннан ба, әлде олардын басқа балалары бар ма? Тағы бір сұрақ: бұл балалар қанша жасында олардың асырауына берілген?

Мақсат ЕРБОЛАТ

- Қазақстан заңы бойынша сәби өмірге келіп, анасы бас тартқан жағдайда алты ай бойы есепте тұрады. Осы уақыт аралығында шақалақты асырап алуға Қазақстан азаматтары ниет танытпаса, автоматты түрде  халықаралық бала асырау тізіміне өтеді. Яғни шетел азаматары  біздің балаларымызды  алты айлығынан бастап асырап ала алады. Шетелдіктердің барлығын жаман, азғындаған деп айта алмаймын. Жаман ел болмайды, жаман адамдар бар деп Мұстафа Шоқай бабамыз айтқан сияқты, теріс пиғылды адамдар барлық жерде бар. Еуропалықтар мен американықтар, канадалықтар табиғи жолмен өмірге бала әкеле алмайды, содан кейін бала асырап алуға шешім қабылдайды. Кейбірі жағдайы бола тұра, басқа жетім баланы бауырына басқысы келеді. Түрлі себептер бар. Бірақ негізгі фактор-шетелдіктер өз балалары болмағаннан кейін осыған жүгінеді. Ал, енді бірі екі-үш баласы бола тұра бала асырап алып жатады. Олар мұны отбасымыздың үлкен болғанын қаладық, ата-анасыз қалған жетім балаға пана болғымыз келді деп түсіндіреді. Мұндай қадамға баратындардың басым бөлігі дінге берілген дамадар. Олар жетім баланы асырап алу, оны аяғына тұрғызу сауапты іс деп қабылдайды. Сондай ақ қазіргі заманның ағысына қарап отырып, түрлі ойлар да келеді. Адам саудасы, баланың органдары деген сияқты... Егер шетелдіктер балаға қиянат жасап, зорлық-зомбылық көрсетсе ол анықталып жатса сол елдің заңы бойынша жазаланады. Бала сол елдегі басқа отбасының қарамағына беріледі. Мәселен АҚШ-та тіркелген оқиғаны  білесіздер, бұл жағдайда американдықтар тарапынан зорланған балалар басқа бір американ отбасының қамқорлығына табысталды. Алғаш кезде дұрыс жүйе жасалмағандықтан болар,  Қазақстан тарапы  баланы елге қайтару үшін қауқарсыз сияқты. Өйткені жетім бала шекара асысымен сол елдің азаматтығын алып, сол елдің толыққанды, барлық құқықтарды иеленетін азаматы болып шыға келеді. Демек қандай да бір жағдай болғанда сол елдің құқық қорғау жүйесіне оның құқықтарын қорғайды. Ал, Қазақстан тарапы көмек керек болған жағдайда, ол балалар елге қайтуға өтініш білдірген тұста ғана араласады. Дегенмен шетелдегі біздің дипломаттар бұл істі назарға алып, бақылап оытрады, консулдар кез-келген уақытта балалардың асырап алған ата-аналарына хабарласып, олармен кездесіп тұруларына толық құқығы бар. Дәл осы мәселеген байланысты «Қазақстан» ҰТА сайтындағы Америкадағ әзірленген 1-хабардан толық мағлұмат ала аласыз.

- Жанар, жек өмірің туралы айтып беру сіз үшін аса құпия нәрсе емес шығар? Отбасыңыз бар ма? Екінші сұрағым, зайыбы бар ер заматтарды ұнатып қалып жататын, оның отбасына ойран салмай-ақ бірге болуды қалайтын, яғни сүйген адамынан құрсақ көтеруге тәуекел етіп жүрген құрбыларың туралы не айтасың?

- Жеке өмірге қатысты жоғарыда айтып кеттім. Ал, «өзім үшін бала туамын» деген пікірдегі қыз-келіншектердің іс-әрекетіне қатысты бұл дұрыс немесе дұрыс емес деп айтуға менің хақым жоқ. Әр адамның өз тағдыры, өз шешімі бар. Ондай адамдарды сөгуден де аулақпын. Бірақ, бір анығы бала бірінші кезекте тұлға, сондықтан өзім үшін дегенде болашақ сәбидің де тағдырын ойдан шығармау қажет сияқты. Бәрібір, бала толыққанды отбасында өмірге келіп, тәрбиеленуі тиіс деген позицияны ұстанғым келеді.   

- Сәлеметсіз, Жанар ханым. Осы шетелге кеткен қазақ балаларын дәріптеудің не қажеті бар? Қатты айтты демеңіз, өл, тіріл, бірақ олар енді ҚАЗАҚ ЕМЕС. Біз ағым деп жүргендердің БЕЛДІ мүшесі. Біз осыны түсінуіміз керек. Сосын бағдарламаны әр көрген сайын бұл дегенің басқа қазақ балаларын да шетелге асырудың ТЕГІН ЖАРНАМАСЫ деген ойға қаламын. Өйткені, европалықтардың тұрмыс жағдайы жақсы екені белгілі. Осына көрген қазақ балалары да ЕВРОПА тұрмасына кім кепіл.

- Жарнама деп ойласасың қателесесіз. Бұл жарнама емес. Осы жоба арқылы біз қоғамға ой салуға талпынамыз, әр сөздің, әр видео, әр детальдың астарына үңілсеңіз бұны түсінесіз деп ойлаймын. Бұл бағдарламаны ересек, егде адамдардан бөлек жастар, студенттер де көп көреді. Көпшілігі хабарласып, ой-пікірін, түйгенін айтып жатыр. «Шетелдегі қазақ балалары» шетке бала беруді дәріптеу емес, елдің ішінде бала асырап алу үрдісін көбейту, қыз-жігіттердің ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды қайтаруға, елімізде балалар үйі деген түсінікті жоюға жасалған қадам деп түсініңздер. Сондай ақ шетелге кеткен қазақ балаларымен арадағы қарым-қатынасты үзбеуге жасалған әрекет. Қазақша сөйлеуді білмесе де олардың қаны қазақ Сондықтан қандай жағдай болмасын біз оларды өзімізге жақындатуға әрекет етуіміз ләзім. Әр адамның өзіндік ойлау қабілеті, өз таным-түсінігі бар. Сондықтан қалай ойласаңыз да мен журналист ретінде өз пікірімді сізге таңа алмаймын. Бұған менің журналист ретінде де хақым жоқ. Бағдарламаның авторы ретінде мен ой тастай аламын, ненің неден туындағанын, қалайша бұндай жыларман күйге түскенімізді, қалайша қазақ халқы арынан аттап, адамгершілік, мейірімнен жұрдай болып туған перзентін кез-келген жерге тастап кете беретінін, қоғам азғындап бара жатқанын нақты кейіпкерлер арқылы көрсетуге талпыныс жасаймын. Бұл қазақ елінің трагедиясы.

- Сәлеметсіз бе, Жанар бикеш! Қызметіңізге табыс тілеймін, алайда осындай бағдарламаның қазақ үшін,қазақ балалары үшін бес тиын да қажеті жоқ деп ойлаймын. Біріншіден, олар ҚАЗАҚ ЕМЕС ЕНДІ. Қанша жерден алтынмен аптасаң да, бар қазақшасын 2-3 жылда ұмытып, испанша, ағылшынша, французша т.б. ЖАУГЕРШІЛІК тілдерде сайраған балалардан не қайыр? Екіншіден, бұл балалардың жаңадан қалыптасып келе жатқан психологиясына ҚАРА ТАҢБА емес пе? Сол жараны қаси бергеннен не пайда? Үшіншіден, бұл бағдарлама тек балалар үйлеріндегі ғана емес, сонымен қатар кез-келген баланы да қарт Еуропаға еліктіріп, болашақта сондай ертегі әлемінде өскісі келетіндердің санын көбейте ме деген қорқыныш бар менде. Мұны бағдарламадан түйіп отырмын, не дегенмен экономикасы дамыған орталық ғой: орналасуы,тұрмысы, жеке бөлмесі т.б. дегендей. Төртіншіден, бұл бір ЖАРНАМА іспетті. Бесіншіден, осыдан басқа мәселе жоқ па қазақта. Әрине, түсінемін. Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген қазағым. Алайда, бұл нақылдың шетел асқан балаларға, сіздің бағдарламаңызға еш қатысы жоқ десем, қарсы болмассыз. Одан да неге үйсіз-күйсіз жүрген елдегі балаларды жарылқамасқа, егер де шынымен жарылқағыш болсақ? Әлде, бізде бәрі жастардың тілдерімен айтсақ, чики-чики ме? Қанша қазақ жүр өлместің күнімен құл болып, қара нанды қанағат тұтып..... Ауылға барсаң, халық қажыған, жағдайды көріп, жылап қайтасың. Қалада жүр қанша қазақ баласы сасық орыстың кемпірлерінің тауықкетегін жағалап.... Қанша қазақтың ұл-қыздары жүр уақытша нәпсілік кайфтың буына уланып, бейкүнә нәрестелерді қоқыс жәшіктеріне тастап... Білім-тәрбие беріп, болашағымызды сеніп тапсырған ұстаздарымыздың түрі анау, балаларды білім нәрімен сусындатудың орнына өздерін арам сумен уландырып, зинақорлық жасап. Қатты айтты деп сөге көрмеңіз, бірақ бүгінгі қоғамның АЩЫ ШЫНДЫҒЫ осы.

- Өзіңіздің айтар ойыңызға өзіңіз жауап берді деп ойлаймын. Қазақтың рухани құндылықтардан ажырап бара жатқанына байланысты дәйектерді жақсы келтіріпсіз. Бітер іске сыншы көп дейді. Өз ойыңыз өзіңізде қалсын. Әркімнің өз еркінше ойлауына, шешім қабылдауына хақысы бар.

- Жобаңыз сәтті шығып жүр. Бүгінде напсани қоғамдағы қатып қалған жүрегімізді жылытар деген үміт айтам.

Жесірі мен жетімін жылатпаған қазағымның бұл ісіне қайран қалған басқа ештеңе айта алмайсың. О, Алла пенделерің қайда бастап барады?

Біздің елімізден шетелге жетім балалар тұрмақ жастарда жұмыс таппай кетіп жатыр ғой. Ең өкініштісі дарынды жастар.

Колонияда болмаған ел жоқ,бірақ сол елдер ешқашан тілін, дінін сатқан жоқ! Ал Қазақ тілін сатты, дінін сатты,балаларын сатты енді нең қалды сатпаған! Қазақтар тек сатқындардан құралған...

Бәрін шетінен сатып жатқан қарапайым Қазақ емес, кімдер екені белгілі. Қайткенде, қазақ баласын шетелге сатуға қарсымыз!

- Рахмет! Қолдауыңызға, түсінгеніңізге. Жүректен шыққан дүниенің жүрекке жеткені біз үшін өте маңызды.

- Жауаптары қане? Бірақ, қайдан жауап болсын? Жағдай айтпаса да түсінікті ғой...

- Кешіріңіз жауаптарды енді оқуыңызға болады. Кеш түскеніне айып етпеңіз!

- Жанар қарындасым! Бұл тақырыпты біраз дөңгелеттің ғой. Енді басқа бір тележоба тақырыбын ұсынғым келеді: "Шетелдегі қазақтың жиендері". Осы тележоба арқылы шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып, елімізден кетіп қалған қазақ қыздарынан туған жиендер жайлы сериялы хабарлар түсіруге қалай қарайсың?

Төлеубай ағаң. Қарағанды қаласы.

- Төлеубай аға пікіріңізге рахмет! Әркімнің өз тағдыры болады. Жалған патриотизм деп тегіннен тегін айтпаған шығарсыз. Қазақтар сондай пафосты пікірлер айтпас бұрын мейірімділікті, жауапкершілікті өздерінен бастаса деп тілеймін. Ал, енді ұсынысыңызға байланысты айтарым-әзірге бұған жауап бере алмаймын.

Соңы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406