Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3980 0 пікір 17 Наурыз, 2014 сағат 05:25

Қара қазақ пен шала қазақтың айтысы

Berik Sheralyuly атты фейсбук әлеуметтік желісі қолданушысының парақшасында жарияланған Қара қазақ пен шала қазақтың айтысын сол қалпында беріп отырмыз.

Авторы белгісіз айтыста орыстілді қазақ пен қазақтілді қазақтың арасындағы біраз дүние ашық көрініс тапқан екен.

Abai.kz

Қара қазақ:

Ділі есінде сақталған, тілі есінде,
Қиындықтың шыңдалған күресінде.
Қазағымның мақтаны бола білген,
Ақындарды, қарағым, білесің бе?

Шала қазақ:

Қазақстан, говорят, Абай елі,
Кунанбаевич пе еді, қалай еді?
Знаю Джамбул, Ауэзов, Сулейменов,
Всех не перечислишь, надоело...

Қара қазақ:

«Естімеген елде көп», ой, жасаған,
Қызығына өмірдің тоймас адам,
Әлгі айтқаның бір тобы алыптардың,
Ат шаптырып қазағым, той жасаған.

Шала қазақ:

Ол жақта той, без конца, бұл жақта той,
Болатұғын түрі жоқ у нас покой,
Озып келген байгада лощадтарға,
Автомобиль береді, ужас какой...

Қара қазақ:

Қандай ащы шығады үнің, қалқам,
Қандай жерден алып ең білім, қалқам,
«Ер қанаты – ат» деген атам қазақ,
Тұлпарларға тимесін тілің, қалқам.

Шала қазақ:

Berik Sheralyuly атты фейсбук әлеуметтік желісі қолданушысының парақшасында жарияланған Қара қазақ пен шала қазақтың айтысын сол қалпында беріп отырмыз.

Авторы белгісіз айтыста орыстілді қазақ пен қазақтілді қазақтың арасындағы біраз дүние ашық көрініс тапқан екен.

Abai.kz

Қара қазақ:

Ділі есінде сақталған, тілі есінде,
Қиындықтың шыңдалған күресінде.
Қазағымның мақтаны бола білген,
Ақындарды, қарағым, білесің бе?

Шала қазақ:

Қазақстан, говорят, Абай елі,
Кунанбаевич пе еді, қалай еді?
Знаю Джамбул, Ауэзов, Сулейменов,
Всех не перечислишь, надоело...

Қара қазақ:

«Естімеген елде көп», ой, жасаған,
Қызығына өмірдің тоймас адам,
Әлгі айтқаның бір тобы алыптардың,
Ат шаптырып қазағым, той жасаған.

Шала қазақ:

Ол жақта той, без конца, бұл жақта той,
Болатұғын түрі жоқ у нас покой,
Озып келген байгада лощадтарға,
Автомобиль береді, ужас какой...

Қара қазақ:

Қандай ащы шығады үнің, қалқам,
Қандай жерден алып ең білім, қалқам,
«Ер қанаты – ат» деген атам қазақ,
Тұлпарларға тимесін тілің, қалқам.

Шала қазақ:

Слава богу, шықсақ та көшпенді елден,
Красный диплом маған кіл беспен берген.
Қашан көрдің крылья у лощадей,
Жарыспай ма жүгіріп, пешком жермен?

Қара қазақ:

Астапыралла, шырағым, бұлай деме,
Шатастырды өзіңді Құдай неге.
Жеті атаңды, тегіңді білесің бе,
Туыс та боп қалармыз сұрай келе...

Шала қазақ:

Ненавижу көршінің шалын неге,
Говорит: «Маған боласың қарын бөле».
Менің руым, якобы, Қотыр тайлақ,
Бұның бәрі дикость қой, в самом деле.

Қара қазақ:

Әрбір пенде теріп жеп татар дәмін,
Жер бетінде жалғайды сапарларын.
Мұсылмандық парызды білесің бе,
Ораза ұстап жатыр ғой қатарларың?

Шала қазақ:

Жрать нечего, ұстайды амал қанша,
Зря дома аштан-аш қамалғанша.
Екі заяц атады бір пулямен,
Голодовка жариялап, алаң барса...

Қара қазақ:

Қайтейін, босқа ысырап болыпты өлең,
Жүрек мұздап кетті ғой, тоңып денем.
Сеніменен айтысқан мен де ақымақ,
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген.

Шала қазақ:

Издеваться етуге қазақ ұста,
Не думаю, что ақылым таза қысқа.
Игрушка емеспін мен ешкімге,
Оскорблять етпеңіз, пожалыста...

Қара қазақ:

Бұндай сайтты біз көптеп ашайық та,
Кіл крутой айтыстар жасайық па?
Ойбай, мен де шүлдірлеп барамын ғой,
Кеттім,
Қашқан пәледен машайық та...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408