Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2996 0 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 17:38

Жолдау 2024: Жұмысшы мамандықтардың жылы

Сурет Ақорда сайтынан алынды.

2024 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология мен саяси реформаларға дейінгі әртүрлі салада маңызды реформалар ұсынылды.

Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. Жолдауда оқытушылардың  жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Мемлекет басшысы жолдауында сапалы білім беру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Президент білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Бұл қадамдар елдің болашақтағы дамуы үшін шешуші мәнге ие. Жоғары білім саласында университеттер мен колледждердің білім беру сапасын арттыру және олардың халықаралық рейтингтердегі орнын нығайту міндеті қойылды. Академиялық еркіндікті қамтамасыз ету, білім беру мекемелерінің заманауи технологияларды қолдануын және студенттердің қажетті дағдыларды меңгеруін қолдау туралы айтты.Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстанның ғылым саласындағы әлеуетін арттыру мақсатында ғылым мен білімді біріктіру, инновациялық жобаларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатыны айтылды.

2024 жылғы Жолдау сапалы білім беру мәселесін алдыңғы қатарға шығарып, елдің білім беру жүйесін жаңғыртуды көздейді. Президент Қ.Тоқаев ұсынған реформалар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға және заманауи білім беру әдістерін енгізуге бағытталған. Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі, сондықтан бұл саланы дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болмақ. Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін білім алушылары мен түлектерін, жұмыс мүмкіндіктері мен кәсіби тағылымдамалар туралы ақпараттандыру мақсатында, университеттегі түрлі іс-шараларға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ететін, мансап және кәсіби даму Орталығы жұмыс істейтінін айта кеткім келеді. Университеттің білім алушылары мен түлектері өздерінің түйіндемелерін әлеуетті жұмыспен қамтамасыз етуші ұйымдарға жіберуге, сондай-ақ «Жастар және мансап» корпоративтік порталы арқылы жұмыс вакансияларымен танысуға мүмкіндіктері бар екені баршаға мәлім. Университет жоғары білікті кадрларды даярлаудың үздік отандық тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік қызметке маман даярлаудың құзыреттілігін қа­лып­тас­ты­руға ұмты­лып келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие.

2024 жылғы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен есте қалды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да секторларындағы мамандардың маңызын ерекше атап өтті. Бұл қадам елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Жолдау Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры;

Советхан Ш.Д

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығының оқытушысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282