Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Мәйекті 528 0 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 11:55

Әшімбаев: Дінаралық диалогқа жастарды көбірек тарту керек!

Фото: ҚЗСИ

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында конфессиялар мен мәдениеттер арасындағы диалогқа жастарды көбірек тартудың маңызына тоқталды.

«Съезді дамыту тұжырымдамасының аясында ұсынылып отырған маңызды бастаманың бірі – жас дін көшбасшыларының форумын өткізу. Конфессияаралық және мәдениеттер арасындағы диалогқа жастарды белсендірек жұмылдыру қажет екені айдан анық. Съез жұмысына жас көшбасшылардың қатысуы өркениеттер арасындағы, діндер арасындағы диалогта дәстүр мен сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сенат спикері аталған ұсыныс биылғы жиын аясында іске асып жатқанын атап өтті.

«Ертең түрлі конфессиялардың, халықаралық қоғамдық ұйымдардың жас өкілдері, келешегінен зор үміт күттіретін ғалымдар мен саясаткерлер Астанада жиналып, жас көшбасшылардың заманауи әлемнің үндестікпен дамуындағы рөлін талқылайды. Осы және өзге де қадамдар біздің съездің ары қарай дамуына және ықпалының арта түсуіне, сондай-ақ рухани дипломатияны ілгерілетуге, жаһандық деңгейдегі дінаралық, мәдениетаралық диалогтың орнауына септігін тигізетінінен сенімдімін», - деді Мәулен Әшімбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052