Алматы мен Степногордың өндіріс нысандарында екі жұмыскер қаза болды
Алматы/Степногор, Ақмола облысы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Алматы мен Степногор қалаларындағы өндіріс нысандарында екі жұмыскер қаза болды, – деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Аймақтық жедел қызметтердің министрліктің республикалық дағдарыс орталығына хабарлаған мәліметтеріне сәйкес, Ақмола облысында орналасқан Ақсу елді мекенінде «Ақсу кеніші» филиалының аумағында «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның 53 жастағы жұмыскері қайғылы оқиғаға ұшырады.
«Таңғы сағат 6-да жару жұмыстарын жүргізу барысында тау жынысы құлап, жер асты жұмыскерін басып қалған, ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлайды ТЖМ.
Ал Алматыда «Жетісу-3» ықшам ауданындағы он қабатты үйдің құрылыс алаңында бір жұмыскерді ток соққан.
«Ол 14 сағат 15 минутта құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында электр тогының соққысынан алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. 21 жастағы жігіт «Профтеплохолод» ЖШС-нде жұмыс істеген, – делінген ақпаратта.