Сенбі, 23 Қараша 2024
Спорт 736 1 пікір 10 Қазан, 2024 сағат 15:53

Спорт федерацияларын тексеретін комиссия құрылды

Фото: туризм және спорт министрлігі

Қазақстанда спорт федерацияларының ақшасын тексеретін комиссия құрылды. Бұл комиссия спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастырады деген үміт бар.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездескен кезде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын», - деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.

Министрлік дәл осы тапсырманы орындау үшін жұмыс тобын құрған.

«Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар береді», - деп жазған министрлік ресми ақпаратында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475