Теміртауда 350 тұрғын үй мен әлеуметтік нысан төрт сағат бойы суық сусыз отырды
Теміртау, Қарағанды облысы. 23 қырқүйек. ҚазТАГ – Металлургтер қаласында тұрғын үйлер, мектептер, перзентхана, балабақшалар, барлығы 350 ғимарат су құбырындағы апат салдарынан төрт сағат бойы суық сусыз отырды, - деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Аймақтың жедел қызметтерінен министрліктің республикалық дағдарыс орталығына түскен мәліметтерге сәйкес, Бейбітшілік және Металлургтер даңғылдары қиылысының астында орналасқан диаметрі 400 мм болатын магистральды су құбырында ақау 18 сағат 50 минутта тіркелді.
«336 тұрғын үй, 6 балабақша, 4 орта мектеп, 2 кәсіби-техникалық мектеп, перзентхана және балалар ауруханасы сумен қамту жүйесінен ажыратылды. Әлеуметтік маңызды нысандарға су жеткізу ұйымдастырылды. 22 сағат 45 минутта апатты-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде орындалды. ТЖ жоюға «Оқжетпес» ЖШС 17 қызметкері мен 8 техника тартылды, – делінген таратылған ақпаратта.