Әдебиет сыншысы: Қазақстан мәдениетін не құрайды?
Ата-бабларымыздың мәдениетімен соған бейімделген һәм бағдар ұстанған ұлттық қас сипатымызды танытатын салт-дәстүрі ғасырлар бойы түзіліп, бүгінге жеткен біздің халықымыздың мәңгілік өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Оны Ресей имериясы тарапынан, кейін Сталиндік һәм «совет адамы» деген жалған даңғазаға құрылған қызыл режім кезіндегі рухани-саяси қудалау және өткен тарихқа тас атқызу жылдары төл мәдениетімзді еш жоя алмады. Қазіргі кезде егемен Қазақстанның мәдениеті әлем елдері арасында өзінің лайықты орын тауып, Орталық Азиядағы бауырлас елдердегі сияқы кең қарқынды дамып келеді.
Осы орайда біздің ойымызға «Қазақстан мәдениетін не құрайды?» деген заңды сұрақ оралады. Енді осыған рет-ретімен жауап беруге бел шеше кірісетін болсақ, алдымызды түрлі философтар тарапынан тұжырымдалған «Адамдар тіршілік процесінде жасайтын барлық материалдық және рухани құндылықтар қоғам мәдениетін құрайды» деген кесікті жауапты ала аламыз.
Ресей имериясы тарапынан, кейін Сталиндік һәм «совет адамы» деген жалған даңғазаға құрылған қызыл режім кезіндегі рухани-саяси қудалау және өткен тарихқа тас атқызу жылдарын бастан бірге өткізген Орталық Азиядағы бауырлас ұлттардың арасында «Қазақ мәдениетінің» өзіндік ерекшеліктері бар екендігін аңғара аламыз. Міне, осы біз жоғарыда сөз еткен «Қазақ мәдениетінің» өзіндік ерекшеліктері республикамыздағы титулды ұлттың өзіндік төлтума бірегейлігі болып табылады десек, әсет ақиқаттың ауылынан еш алшақ кетпейміз.
Әр ұлтты бір-бірінен айыратын тап осындай сипат қазақтың өмір сүру салтын әлем жұртшылығы алдында айқара айқындап береді. Қазір қазақ бірыңғай көшпелі болған деген ғылыми тезис өзінің дұрыс еместігін танытты. Себебі, ұлтымыз жеміс-жидек, дәнді-дақылдар атауын өз ана тілінде атай алады. Міне, осы атай алушылық қазақтың жартылай көшпелі болған ел екендігін танытады. Қазақтар еуропалықтар мен орыстар сияқты егіншілікпен айналысқан жоқ. Қазақ сурылмалы егіншілікпен айналысты. Патша өкіметі үш ғасыр бойлы суарылмалы егістікке жарамды өңірлерді ұлтымыздан тартып алып, қазақты дәстүрлі егіншілік дәстүрінен айырды. Және Жоңғкар шапқыншылығы кезінде бұл аймақтар қалмақтардың қолында қалды. Дәстүрлі қала мәдениеті жойылды. Сауда-саттық құлдырады. Міне, осы фактілерді ескерген кезде ғана ұлтымыздың сан ғасырлық мәдениетінің тереңіне үңіле аламыз.
Патша үкіметі жерінен айырған көшпелі халық өмір сүруі және өсіп-өнуі тығырыққа тірелгенімен жаңа аралас-құраластық қазақ мәдениетінің дамуына өізндік ерекшеліктерін енгізіп, Орталық Азиядағы бауырлас ұлттардың арасында еуропаланған ұлт болып қалыптаса бастауына ықпал етті. Солай десек те, рухани мәдениет кейінірек басымдыққа ие болған көшпелі өмірдің әсерімен табиғатпен тығыз байланыста дамыды. Қазіргі мәдениет те сол үш ғасыр аралығында қалыптасып үлгерген көшпелі халықтың рухына толы.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz