Құдайдың үйі қайдан шықты?
Тұңғыш дін кітабы Тәуратты екінші қайталап оқып жатырмын. Бір қызығы алты күн бәрін жаратқан соң шаршап қалып, жетінші күні демалыпты. (Сұрақ: Жаратушы неге шаршасын, ол адам емес қой?!).
Адамды жаратқан соң оны қазіргі Ирақтағы Евфрат өзенінің басындағы Едом деген жердегі жеміс бағын баптайтын жұмысшы еткен екен. Ақылды ашатын жемісті жеме деп шектепті. Бірақ жылан адам, яғни жер асты кесіртке адам оған: «Оны жесең ақыл кіреді», - деп айтқан соң, әйелі екеуі жеп қойыпты да, ақылдары кіріп, өздерінің жалаңаш екендіктерін сезіп, бұттарына жапырақ байлап алыпты... (Бәріне құдыреті жеткенде шәйтанға ештеңе қылмағаны қызық). Тәуратта шайтан демеген, тек жылан деген. Соған қарағанда араб, парсы ертегілеріндегі кесертке адам болса керек. Сосын не керек, адамды бақтан қуып жібереді.
Адам мен Хауадан екі ұл болады, үлкені Қабыл егінші, кішісі Әбіл малшы болады. Екеуі де жаратушы иеге салыққа тарту әкеледі (Жаратушы тартуға мұқтаж ба? Бұл да Тәураттағы Құдайдың Құдай емес екеніне дәлел). Қабыл Әбілді өлтірген соң қарғысқа ұшырайды. Ол өзі: «Енді жер бетінде кім маған кездессе, сол мені өлтіретін болады», - дейді (Бұл адам атадан өзге де жер бетінде кісі баласы бар екеніне дәлел сөз).
Сосын Нұх топаны басталады, жер бетіндегі тіршілік ұзыны 150 метр, ені 50 метр, үш қабаттық кемеге сыйыпты-мыс. Онысын қоя тұрайық, топаннан кейін Нұхтың үш ұлынан тарағандардың кімдер екені айтылады. Тәуратта батысы - Мысыр, Шығысы - Ирақтағы елдерден ары аспаған, демек Нұх тұтас адамзаттың емес, тек семиттердің атасы десе дұрыс болады.
Бабилон аңыздары бойынша, құдайлар бір-бірін өлтіре де алады, адамдарша тамақ жейді, адамдар ең жақсы малын, жемісін, нанын құдайларға береді. Шамасы адамдарды жасап құл ретінде пайбаланған, құдайдың құлымыз дейтіндері содан.
Демек Бабилон өркениетін жаратуға өзге ғаламшарлықтар үлес қосқан сияқты, солардың ішінде ең көрнектісі Анунакки әулеті. Өге ғаламшарлық осы әулет ол кездегі адамдардан миллиондаған жыл алда болғандықтан, осы өзге ғаламшарлық озық өркениет өкілдерін Құдай санаған. Олардың адам тәрізді бейнелерінен сурет сызып, мүсін жасап, оған табынған. Кейбір өзге ғаламшарлықтар адамдардан тіпті, тұңғыш балаларын соларға тамақ ретінде беруді талап еткен, сосын әр жылы Бабилон халқы тұңғыш балаларын оларға арнаған, отқа салатын болған.
Одан Абырамға келейік: Абырам да бала кезінде сол жиренішті салттың құрбаны болып, отқа тасталып, аман қалады. Өйткені оған басқа бір Құдай көмектеседі. Сосын ол әкесінен безіп, Бабилоннан кетіп қалады. Абырам Сирия, Паластин жеріне барған. Ел деген Құдайға табынады, әрине күніне бес уақ емес, анда-санда сыйынып, мал шалады. Бірақ ағасының қызы Сарадан туған ұлы Ысхақты Құдай маған арнап құрбанға шал дейді. Абырам оны да істемек болғанда, Ел Құдайы оны тоқтатады.
Қош дейік, Юсуф Мысырға сатылып, онан уәзір болған соң, перғауынға бүкіл мысырлықтарды құл етіп береді. Мұсаға Яхуе деген Құдай кезігіп, Жақып ұрпағын Мысырдан алып шығу үшін мысырлықтарға маса апаты, шегіртке апаты, бақа апаты, бұршақ апатын, соңында әр мысырлықтардың тұңғыштарын өлтіріп жібереді. Бұдан Яхуе Құдайдың жауыз екенін көруге болады.
Синнай тауында Исрайыл әулетімен келіседі, Мұсаға Исрайыл бойсұнатын заң-ережелерді айтып береді. «Мен тек сендердің Құдайларыңмын, өзге халықтың Құдайы емеспін», - деп ашық айтады. «Сол үшін өзге халықтың Құдайына табынбаңдар, табынсаңдар сендерді құртамын», - деп қорқытады. Айталық, келісім тақтайшасын алуға кеткен кезде Исрайыл бұрын өздері табынған өгіз Құдайға табына бастаған соң, оларды жазалап, 3000 адамды қырып, қалғанын індетпен жазалайды. Онан: «Мен сендерді құтқардым, әр тұңғыш ұлдарың, малдарың менікі», - дейді. Сонда елдің баласын жейтін қандай Құдай?
Кей ертегілерде бір қалаға әр күні бір адам жұтатын айдаһар келіпті немесе Қорқыт атадағы аспаннан түскен періден туған жалғыз көз жалмауыздың әр күні екі адам жегенінен парқы не? Ал адамға ақыл беретін жемісті жегізген шайтан - ол шайтан емес, еврейдің Құдайы нағыз жалмауыз болып отыр ғой? Оған қарағанда Мысыр перғауыны жұмыс істеткені болмаса, бұлай қорлаған жоқ еді.
Еврейлер әр жылы түгелімен Құдай Яхуеге алтын-күміс әкеп тұрған, әр күні екі тоқты әкеп тұру керек екен. Сонда ол - Құдай емес, сиқырлы құбыжық болып отыр ғой?
Сонан ол аспанға шығып кетеді, тіпті неше жүз жыл жоқ болып кетеді (мысалы Жақып ұрпағы мысырда 400 жыл тұрғанда Яхуе келмеген).
Яхуе еврейлерге: «Қанахан жерін алып беремін, ондағы лурлықтар, филистрлерді, аммондарды жойып, жерін сендерге беремін», - дейді. Сондай-ақ дәл солай істейді.
Мұсаның кезінде Яхуе Мұсаға бұйырып, өзі жерге келгенде тұратын Құдайдың киелі шатырын жасатады. Оны алтынмен аптатып, күміспен қаптатып, сәндетеді. Еврейлер тарту тамақтары мен малдарын, алтын-күмістерін сонда әкелген. Мысырдан шыққан кезде де мысырлықтардың алтын-күмістерін бұлатуға бұйырады.
Мұсаға сөйлескенімен, бейнесін көрсетуден бас тартады. «Бейнемді көрсең аман қалмайсың», - дейді. Демек түрі қорқынышты болса керек.
Соломонның кезінде Яхуе Құдайға арнап сарай үй салады, оның ішінде Яхуенің арнайы бөлмесі болады. Оған кіруге болмайды, одан өзге оған құлшылық ететін кең орын болған. Ең асыл алтын, күмістерін, гауһарларын сонда жиып отырыпты. Сонда Яхуе Құдай елден салық алатын патша ма? Оған байлық неге керек? Сонда ол халықты сүліктей соратын жалмауыз шайтан ба?
Ал нағыз Құдай қандай болуы керек?
Ол еш менсіз, ешнәрсе керек етпейтін, тіпті құлшылыққа да, мақтауға да зәру емес, шексіз құдырет иесі болуы керек! Адамды қалағанын қорғап, қаламағанын қыратын, қорқытып, адам жеп, мал жеп, алтын-күміс жиятын қандай Құдай? Ал сол Яхуе, Ел Құдайлары керек десеңіз өзге халықтарды да өзіне табындырмай, неге аз ғана халыққа Құдай болғысы келеді? Әлде шамасы жоқ па?
Құдайға тамақ не керек? Үй не керек? Діншілдердің Құдайдың үйі дегені осы еврейлер Құдайынан шыққан болса керек, ал Құдай жалғыз болса, оған жер бетіне толтырып миллион үй салып не керек?
Дәнышпан бабаларымыз Құдайды семиттерден дұрыс түсінген екен. Құдайға кітап, үй, салық керек емес екенін, бағыт керек емес екенін, оны мақтап, табына беру керек емес екенін жақсы түсінген. Семит Құдайлары - Құдай емес, адам жейтін, салық, байлық жиятын шайтанға ұқсайды.
Ерзат Кәрібай
Abai.kz