Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 554 0 пікір 29 Қазан, 2024 сағат 14:15

Қостанайдағы Ыбырай қарашаңырағына 140 - жыл!

Суреттер Қостанайдағы Алтынсарин мектебінен алынды.

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп құрылысы 1882 жылы басталып 1884 жылы аяқталды. Осы жерге Ы.Алтынсаринның күшімен Троицк қаласынан орыс-қазақ екі жылдық мектебі көшірілді.

Мектеп 1884-1917 жылдар аралығында «Қостанай екі сыныптық училищесі», 1917 жылдан бастап қазақ балалар коммунасы алдымен бастауыш, 1923 жылдан кейін жеті жылдық болып өзгертілді. 1933 жылы мектепке Л.Мирзоян есімі, 1938 жылы Жамбыл Жабаев есімі берілді. 1931-1936 жылдары бұл жерде өлкелік милиция мектебі ашылды. 1943 жылы мектеп ғимаратында мұғалімдер институтының оқу бөлімі орналасты. 1960 жылы орта мектеп Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ мектеп-интернаты болып өзгертілді. 1992 жылы мектеп Ы.Алтынсарин атындағы мектеп педагогикалық лицей болып қайта құрылды. 1994 жылы Ы. Алтынсарин атындағы №1 педагогикалық лицей-интернаты болып аталды. 2000 жылы мектебіміз дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты болып ауыстырылды.

Мектептің даңқты түлектері: Әліби Жанкелдин, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Спандияр Көбеев, Ілияс Омаров, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі - Серәлі Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Темірбай Дарқанбаев, Әмір Қанапин, Бекет Өтетілеуов – Ыбырай мектебнің алғашқы директорларының бірі.

Биылғы жыл мектеп үшін елеулі жылдардың бірі. Қостанай қаласында орналасқан Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған мектебіне 140 жыл.

2024 жылдың 24 қазан күні Қостанай облысының білім басқармасының қолдауымен Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар шығармашылық мектебінің рәсім залында мерейтойлық іс-шара өтті.

Іс-шараға Республикалық «Дарын» орталығы, Қостанай облысының білім басқармасы, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы, облыс төңірегінде орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы оқу орындары, мектеп басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп ұстаздары, түлектері мен білім алушылар қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында мектеп ұжымының ұстаздары мен ардагерлері арнайы марапаттарға ие болды.

Атап көрсететің болсақ:

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі «Еңбек ардагері» медалімен ардагер-ұстаздары: К. Абильгазина, Г.С. Кудебаева, М. Кадиргалиева, Ш.И. Манасбаева және Р.К. Жандаулетова;

Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М. Тасанова;

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Құрмет Грамотасымен тарих және құқық пәндерінің мұғалімі А.Т. Тулегенова марапатталды;

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 25 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісімен орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ш.К.Сейткожина, З.С. Еслямгалиева және Б.Ш.Байтасова марапатталды;

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет Грамотасы тәрбиеші У.М. Самратова, дене шынықтыру пәні мұғалімі А.К. Сыптаев, тарих пәні мұғалімі Р. М. Туралина, химия пәні мұғалімі;

Қ.Ж. Жумагулова, қазақ тілі пәні мұғалімдері  Ж.С.Булекбаева және М.К. Ермагамбетоваға табысталды;

Қостанай облысы әкімінің грамотасына мектеп қызметкерлері Н.А. Садвакасова, Е.А. Аймагамбетова және мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары  А.Н. Серикбаева ие болды;

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек ардагері» медалімен мектептің қызметкер ардагерлері Б.М. Тукешова А.Т.Карамергеноваға ұсынылды.

Мектеп түлектері Ыбырай мектебінде 20 жыл ұстаздық еткен ұстаздарын арнайы өздері дайындаған мерейтойлық төсбелгілермен марапаттады.

Кеш барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, мектеп түлегі Аманжол Кузембайұлы, 1963 жылғы түлек Қоқанов Асхат Ерғалиұлы және 2008 жылғы түлек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының ассистенті, Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігінің Ұлттық консультанты Бағлай Бауыржан мектеп ұжымына өз тілектерін айтты.

Ыбырай мектебінде 10 жыл қызмет еткен композитор Қайырғали Әбішов «Ыбырай ата мектебі» әнін тарту етті. Мектебіміздің түлегі Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева «Мектепке арнау» термесімен көрермендерді бір қуантса, ал мектеп оқушылары өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321