Дін саласының өзекті мәселелері? Үздік жұмыстар марапатталды
Алматыда бірнеше номинациялар бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Байқауға 10 номинация бойынша 220-дан астам өтінім жұмысы келіп түсті.
Салтанатты марапаттау рәсімі 29 қазан күні сағат 11:00-де «Mercure» қонақ үйінде, «Хан-Тенгри» залында өтеді. Аталған іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Байқауға Алматы қаласында жұмыс жасайтын жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, студенттер, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Байқауға орыс және қазақ тілдерінде барлығы 220-дан астам өтінім жұмысы келіп түсті. Ұсынылған жұмыстар зайырлылық, толеранттылық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикалды діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы сияқты өзекті мәселелерді қамтыды.
10 номинация бойынша жалпы жүлде қоры 3 млн. теңгеден астам соманы құрайды.
Жүлделерді табыстау үшін Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Айдарбекұлы Алимбек шақырылды. Байқауды ұйымдастырушылар БАҚ пен блогерлердің дін саласындағы ағартушылық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл халықтың діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан қомақты үлес болып табылады. Байқауды ұйымдастырушы «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі қазылар алқасының мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін жеке алғыстарын білдірді.
Abai.kz