Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1178 6 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 14:49

Солтүстік Корейдің 8 мың сарбазы Курскіні қорғамақ!

Сурет postfactum.info сайтынан алынды.

АҚШ Ресейдің Курск облысына 8 мың Солтүстік Корей сарбазы жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтты.

АҚШ-тың бағалауынша, Ресейде 10 мыңға жуық Солтүстік Корей сарбазы бар.

«Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 8 мыңға жуығы Курск облысына жеткізілді. Біз Солтүстік Корей әскерлердің украин әскерлеріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын әлі көрген жоқпыз. Бірақ біз олардың соғысқа араласуы таяу күндері болады деп күтудеміз», - дейді Блинкен.

Блинкеннің айтуынша, ресейліктер КХДР сарбаздарын артиллерияда, дрондарда оқытып, оларды базалық жаяу әскерлер операцияларына, соның ішінде окоптарды қазуға дайындауда.

«Егер бұл әскерлер Украинаға қарсы әскери іс-қимылдарға немесе әскери іс-қимылдарды қолдау жөніндегі операцияларға қатысса, онда олар  әскери мақсатқа пайдаланылған қосынға айналып шыға келеді», - деп атап өтті Блинкен.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин: «Ресей КХДР әскерлерін ресейлік киім-кешекпен және жабдықтармен қамтамасыз етті. Ресей оларды Украинаға қарсы алдыңғы қатардағы операцияларда пайдалануға ниетті», - деп мәлімдеді.

Ол Вашингтон жауап шараларын қабылдау үшін «өңірдің басқа елдеріндегі өзінің одақтастарымен және серіктестерімен тығыз консультациялар жүргізіп отырғанын» растады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972