Сәрсенбі, 4 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 1241 4 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 15:37

Байқоңырда шетелдіктер ұсталды: Олар кімдер?

Сурет adyrna.kz сайтынан алынды.

Байқоңырда шетел азаматтары зымыранды суретке түсірмек болғаны үшін ұсталған. Ұсталғандар Франция азаматы мен Германия азаматы болып шықты, деп хабарлайды SHOT телеграм-арнасы.

«Энергия» зымыран тасығышының суретін түсіруге тырысқан сәттерінде оларды полиция ұстап алған. Қонақтар өздерінің ғарыш айлағын көруге келген туристер екенін айтқан.

БАҚ-тың хабарлауынша, Байқоңырда 21 жастағы француз Аксель Оливер Роберто Гуйено мен 26 жастағы неміс Юлиан Карл-Юрген Поренц ұсталған.

Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, қамауға алынған. Жақын арада шақырылмаған қонақтар сотқа жеткізіледі.

Байқоңыр - қыдырыстап баруға және суретке түсіруге арналған танымал орын. Шілде айында онда үш еуропалық азамат ұсталса, маусым айында Франция азаматы ғарыш айлағының маңында қайтыс болған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1117