Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Қылмыс 767 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 13:21

Түркістанда "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымы жойылды

Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының құпия ұясы жойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Хабарламадан белгілі болғандай, жедел іздестіру шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес бөлімі жүргізген.

"Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған", - деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973