Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 745 1 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 14:47

Әкім: 25 футболшының 12-сі — легионер...

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Футболды дамыту мәселелері талқыланған жиында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Шахтер» клубының басқару моделін сынға алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы кезде команданың спорттық жетістіктері көңіл көншітпейді. Қазіргі маусым қорытындысы бойынша «Шахтер» тізімде соңғы орында, яғни Премьер-лигадан шығып, Бірінші лига деңгейіне түсуге - басты үміткер.

- Бұл - өңірлік футбол саясатында жүйелі түрде орын алған олқылықтардың нәтижесі. Өкінішке қарай, клубтың ұзақ мерзімді дамыту межесі, маркетингтік стратегиясы жоқ. Футболшылардың іріктеу жүйесі сын көтермейді. 25 футболшының 12-сі - легионер. Жалпы алғанда, клуб шетелдік легионерлерді қолдау қорына айналды. Тұрақты қаржылық модель жасалмаға, - деді аймақ басшысы.

Тығырықтан шығу жолы ретінде Ермағанбет Бөлекпаев бірқатар шұғыл және стратегиялық шараларды қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Оның ішінде басқару тәсілдер мен кадрлық құрамды қайта қарау - кезек күттірмейтін мәселе. Бір айдың ішінде клубтың стратегиясын әзірлеу керек, оның аясында футбол инфрақұрылымын дамыту жоспарын ескеру қажет.

- Мемлекет басшысы кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бойынша бірқатар міндеттерді айқындап берді. Осыған байланысты жоғары білікті мамандарды даярлау қажет. Облыста балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша футбол орталығы мен академияның жұмысын күшейту қажет. Балалар жаттықтырушыларын оқытуды, оның ішінде оларды шетелде оқыту мүмкіндіктерін қарастыру керек, - деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974