Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Масқара! 1129 0 пікір 4 Қараша, 2024 сағат 16:44

Хасан Қасымбаевтың анасы ресми мәлімдеме жасады

Сурет: kz.kursiv.media

Атышулы "Хутор" қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова әлеуметтік желіге ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Гүлнар Нұракенова президенттен көмек сұрады.

"Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін", - дейді Қасымбаевтың анасы.

Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Артынша полиция Қасымбаев  не үшін ұсталғанын түсіндірді.

Кейбір деректер бойынша ол 2021 жылы жасаған қылмысы үшін ұсталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1974