Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 24 Қыркүйек, 2009 сағат 06:39

«Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – қаржы полициясы

Қарағанды. 24 қырқүйек. ҚазТАГ -  Экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментінің Қарағанды облысы бойынша тергеу басқармасы «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының басшыларына қатысты ҚР ҚК «адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған жалған кәсіпкерлік» және «заңсыз жолмен табылған мүлікті ары қарай заңдастыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында ЭҚКД тергеу басқармасының бастығы Елдос Сағиев мәлім етті. Қаржы полициясының қызметкерлері үстерінен қылмыстық іс қозғалған адамдардың аты-жөндерін атамай отыр. Сонымен қатар, Е. Сағиев «әзірге ешкімге айып тағылмағанын», күдіктілерді де атай алмайтынын жеткізді.

Е. Сағиевтың айтуынша, тергеу басқармасы наурыз айында жалған кәсіпкерлік бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғаған. Қаржы полициясының мәлімдеуінше, облыстың аумағында жүзден аса жалған кәсіпорын қызмет еткен. Е. Сағиевтың айтуынша, заңдастырылған ақшаның сомасы «миллиардтаған теңгені құрайды». Сонымен қатар, Е. Сағиев «бұл қылмыстық істердің «Гефест» кәсіпорындарының қауымдастығына еш қатысы жоқ екендігін мәлім етті. Қаржы полициясы тергеу барысында анықталған кейбір жағдайларға байланысты «Гефест» қауымдастығына назар аударған. Қылмыстық іс «Гефест» басшылығына және анықталмаған тұлғаларға қатысты қозғалған.

Сонымен қатар, қаржы полицейлері қауымдастықтың есепшоттарына тыйым салынбағанын, қамауға алынбағанын хабарлады. «Иә, тінту, басқа да жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», -деді тергеу жетекшісі.

Белгілі болғанындай, «Гефест»қауымдастығының президенті Ильдар Закиров қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан тыс жерде. Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, ол Лондонда жүр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319