Бейсенбі, 5 Желтоқсан 2024
Айтқыш екен 639 2 пікір 6 Қараша, 2024 сағат 16:50

"Жұмыс істейтін зейнеткерлер зейнетақыдан қағылуы мүмкін" Министр түсіндірді

Фото: https:diapazon.kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнеткерлерге қатысты айтқан мәлімдемесін жоққа шығарды.
БАҚ беттерінде “жұмыс істейтін зейнет жасындағы адамдар зейнетақыдан қағылуы мүмкін” деген ақпарат тараған болатын.
Сарапшылардың айтқан бұл ұсынысы қазіргі зейнетақысын алып отырған азаматтарға ешқандай қатысы жоқ. Бұған дейін қалай зейнетақысын алып, жұмысын істеді, солай әрі қарай да жүре береді. Үкіметпен келісілген ешқандай заң жобасы жоқ. БАҚ өкілдері “зейнетақы жүйесінде реформа бола ма” деп сұрақ қойған кезде сіздерге алдағы 2 жылда реформалар қарастырылмағанын айттым, - деді Жақыпова.
Жақыпова арнайы сарапшылардың болжамы арқылы еңбек нарығын зерттеп отырғанын айтты.
Биылдың өзінде еңбек нарығында жұмыссыз жүрген 300 мың жас бар. Оларды жұмыспен қамту керек. Сондықтан сарапшылар ұсыныстар (еск - зейнеткерлерге қатысты) беріп отыр, - деді Еңбек министрі.
Сондай-ақ министр ақпаратты дұрыс жеткізбеген журналистерді айыптады.
Журналистер тек бір сөзді жұлып алып, “хайп” жасады. Кейін қоғамды дүрліктірді. Өтінемін, ақпаратты дұрыс жеткізіңіздерші, - дейді министр.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1120