Жұма, 22 Қараша 2024
Спорт 727 1 пікір 7 Қараша, 2024 сағат 14:49

Сенатор: Футболдағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу керек

Фото:Kazinform

Сенаттың жалпы отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Қазақстан футболына шетелдік легионерлерді тарту проблемасын, қаржыландырудың ашық еместігі және төрешілердің матч нәтижелеріне қатысты даулы шешімдері мәселелерін қозғады.

«Бір кездері бізбен деңгейлес болған, қазір командалары Олимпиада ойындары мен әлем, Еуропа чемпионаттарында көзге түсіп жүрген Грузия, Өзбекстан сияқты елдер балалар футболын қолдау, мамандар даярлау, инфоқұрылымды дамыту, бірыңғай жүйе қабылдау, футбол алаңдары мен стадиондар салу арқылы нәтижеге жеткені белгілі», - деді Д. Қыдырәлі Үкімет басшысы мен Бас прокурордың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, клубтарды қаржыландыру мен легионерлерге жоғары жалақы төлеу мәселелері айтылмайтын тақырып, бұл қаржының тиімді бөлінуіне бақылауды қиындатады.

«Еуропаның топ құрамаларының бапкерлерінен біразынан көбірек жалақы алатын ұлттық құраманың бас бапкерінің айлығы құпия. Көпшілігі жергілікті бюджетке байлаулы футбол клубтарындағы легионерлердің айлықтары да ашық айтылмайды. Көптеген мемлекеттерде футболға қатысты арнайы заң қабылданған. Осы саладағы жүйесіздік пен жүгенсіздікті реттеу үшін бәлкім бізге де футбол туралы арнайы заң қабылдаудың уақыты келген шығар», - деді сенатор.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321