Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3511 1 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 12:51

Украина Курскіден шегіне ме? Генерал Сырский не дейді?

Сурет hromadske.ua сайтынан алынды.

Украина әскерінің Ресейдің Курскі облысының аумағына басып кіріп, қос бірдей шекаралық ауданда атой салып жатқанына үш айға жуықтады. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды. 

Осы үш айда Украина көрсеткен нәтижелер қандай?

Украина әскерінің Бас қолбасшысы, генерал Сырский бүгін: «Ресей 3 айда Курскіде 20 мың сарбазынан айырылды», - деп мәлімдеді.

Бас қолбасшы Сырскийдің есебінше: Курскіні қорғауда Ресейдің 7905 сарбазы қаза тапқан, 12220 сарбазы жараланған, 717-сі тұтқынға алынған.

Ресей Курскі шайқастарында ұзын-саны 1101 техникасынан айырылған. Атап айтқанда: 54 танкі, 276 бронды көлік, 107 миномет, 5 РСЗО және 659 автокөлік. Қазір Ресей Курскіні қорғау үшін 45 мыңға жуық әскер жұмылдырған. Оның 12 мыңға жуығы Солтүстік Корей сарбаздары!

Генерал Сырский осыған дейін: «Ресей 45 мыңға жуық әскерді Курскі бағытына шоғырландырып, жоғалтқан позицияларын қалпына келтіруге тырыспақ және қосымша күштерді, атап айтқанда Солтүстік Корей сарбаздарын Курскіні қорғауға қолданбақ. Біздің Украинаның Қорғаныс күштері жау территориясында қиратушы соққылар жасап, тиімді әрекет етуде», - деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы мамырда Украина ҚК Бас қолбасшысы Александр Сырский: «Украина барлауы Ресейдің Курскі облысынан Сумы бағытында шабуыл жасау ниетін растаған. Ресей жоспары бойынша бұл Украинаның солтүстігінде «буферлік аймақ» болып құрылуы тиіс болған», - деп мәлімдеген.

Ал жақында Ресей Курскіні қорғау үшін Солтүстік Корей сарбаздарын аттандырған. Олардың саны 8-10 мың аралығын құрайды. Тіпті, Украина тарабынан Солтүстік Корей сарбаздарына алғашқы оқ атылып үлгерді.

Әскери сарапшылар: «Украина Курскідегі операциясын аяқтауы керек», - деп есептейді. Оған себеп: Украина оңтүстік және шығыс майдандарды оқ-дәрілер мен ауыр техника тапшылығын сезінуде.

Украина армиясы Курскі операциясын бастаған алғашқы апталарда айтарлықтай жеңістерге жетті. Әртүрлі есептеулер бойынша 900 шаршы шақырым Ресей жері Украина бақылауына өтті. Курскінің қос бірдей шекаралық ауданы – Суджа мен Глушковскі аудандары толықтай дерлік Украина әскерінің қарауына өтті. Жүзден аса елдімекенде Украина туы желбіреді.

Ал қазір ше? Қазір Ресей Курскіде қарымта шабуылдар жасауда. Әуелдегі Украина бақылауындағы 900 шаршы гақырым аумақ 611 шаршы шақырымға дейін қысқарды. Украина Курскіде  өз бақылауындағы 30 пайыз жерден шегінуге мәжбүр болды.

Батыс сарапшыларының сөзінше, Украина Курскі операциясының 3 айында 300-ге жуық техникасынан айырылған.

Әскери сарапшылар: «Курскі Донецкіге тең емес», - дейді. Украина армиясы Курскінің бір бөлігін бақылауда ұстап отырғанымен, Донецкі аумағында айтарлықтай территориядан айырылуда. Атап айтқанда, Украиан Донецкі облысынында Угледардан, Кураховкадан, Селидоводан айырылған.

Тақырыпқа тұздық: Бүгін Украина ҚК Бас қолбасшысы Александр Сырский Курскі операциясының мақсаты жайлы айтып, ондағы жетістіктер жайлы баяндаған. Ал Украина Радасының кей депутаттары: «Украина Курскіден әскерін шығаруы мүмкін», - деп болжайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5198