Сенбі, 9 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 374 0 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 12:56

Қазақстан бандитизмнен қашан тазарады?

Сурет: Сергей Ким / sputnik.kz

Қазақстанды толық бандиттерден тазарту міндеті қойылды. Бұл туралы DALA INSIDE жазды.

Құқық қорғау органдарының жабық консультацияларында "90 жылғы рэкет, братва" ұғымдарының қайтып оралмауы үшін тиімді амалдар талқылануда. 2026 жылы елімізде бір де бір бандит қалмауы тиіс.

Бандитизмге қандай да бір қатысы бар деген істер қайта қаралып, кезінде құтылып кеткен шортандар жаппай ұсталатын болады. Ел арасында айтылып жүрген бандалар туралы сөздерге де мән беру, олардың шын-өтірігін тексеру туралы міндет те қойылды. Идеологиялық блокқа жастар арасында жүруі мүмкін "түрме романтикасына" пропаганда күшімен күресу де ұсынылды.

Мектеп оқушыларының арасында түрмеге "жылу" (грев) жинау оқиғаларын анықтап, оның ұйымдастырушыларын жаппай ұстау тапсырылды.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес" бөлімдері күшейтіліп, штаттары мен керек-жарақтары ұлғаяды деп болжанған. 2025 жылы бандиттерге қиын болайын деп тұр", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Өкінішке орай, Қазақстан қылмыс деңгейі жоғары елдерге жатады. 2024 жылғы Numbeo рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады. ТМД елдері арасында Қырғызстан (41 орын), Беларусь (53 орын), Украина (68 орын) елдерінде жағдай бізден нашар. Өзбекстанда (118 орын), Арменияда (139 орын) қылмыс деңгейі өте төмен.

Алматы Қазақстан мен Орталық Азия бойынша адам өміріне ең қауіпті жер деп саналады. Бүкіл өңірдің қылмыстық астанасы атанған Алматыда жыл сайын кемінде 40 адам қылмыскер қолынан қаза табуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1136
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2407
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2424