Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 486 0 пікір 8 Қараша, 2024 сағат 16:48

Сапалы білім елдігіміздің кепілі

Фото: nazarmedia.kz

Жоғары оқу орнындағы сапалы білім – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Сапалы білім әрбір студентке қажетті теориялық білімді, кәсіби дағдыларды, сондай-ақ өзін-өзі жетілдіру мен әлеуметтік тұрғыдан белсенді болуды қамтамасыз етеді.

БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі –«сапалы  білім» екен алға тартқым келеді.Жоғары оқу орнында сапалы білім алу келесі факторларға байланысты:

1.Сапалы білім беру үшін білікті, тәжірибелі және өз ісіне адал оқытушылардың болуы маңызды. Олардың тек білім берудегі емес, сонымен қатар өз саласында зерттеулер жүргізуге, жаңашылдықтарды ендіруге деген ұмтылысы қажет.

2.ЖОО-лар студенттерге тек теориялық білім ғана беріп қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берсе, олар өз саласында жаңашылдықтарды қолдануға және кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алады.

3.Қазіргі заман талабына сай жабдықталған аудиториялар, зертханалар, кітапханалар мен электрондық ресурстар студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай туғызады.

4.Шетелдік университеттермен байланыс орнату, академиялық алмасу бағдарламалары студенттер мен оқытушыларға басқа елдердің тәжірибесін үйренуге және өз біліктіліктерін арттыруға жағдай жасайды.

5.Студенттерге академиялық тұрғыдан ғана емес, жеке қасиеттерін, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін курстар, тренингтер мен қоғамдық іс-шаралардың маңызы зор.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы жоғарыда аталған факторлар негізінде жұмыс жасайды.Оқытушылар құрамының басты мақсаты- сапалы білім беру. Сапалы білім беру – жеке тұлғаның дамуына, оның кәсіби және жеке өмірде табысты болуына мүмкіндік беретін басты құралдың бірі. Бүгінгі күннің талабына сай сапалы білім беру тек кәсіби дағдыларды үйрету ғана емес, сондай-ақ тұлғалық даму мен әлеуметтік белсенділікті арттыруды да қамтиды.Сапалы білім алу арқылы жас ұрпақ әлеуметтік ортаға тез бейімделіп, бәсекеге қабілетті маман болып шығады. ҚазҰУ дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманға сай жаңғыруда. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Білімі мен ғылымы дамыған ел қашан да бәсекеге қабілетті. Себебі сапалы білім – еліміздің болашағы. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс.

 

 

Сулейменова С.Ж

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының докторы,профессор

 

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404