Жұма, 22 Қараша 2024
Бәсе... 575 0 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 15:31

Миллиардтаған теңге орынсыз жұмсалмақ болған

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда биыл қаңтар айынан бастап 34 жоба бойынша 79 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының шығындары қысқартылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қарағанды облысында «Қарағанды Су» ЖШС Негізгі су тазарту құрылыстарының блоктарын қайта жаңарту» жобасының ЖСҚ әзірлеу сатысында құбырлардың 5 түрінің құны артық жобаланғаны анықталды.

«Бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша жобаның мәлімделген сметалық құны 23 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді, нәтижесінде 6,1 млрд теңге үнемделді.

Сол секілді, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын талдау барысында өндіруші немесе олардың дистрибьюторлары болып саналмайтын жеткізушілердің ұсыныстары негізінде интерактивті сенсорлық панельдің құнын арттыру фактісі анықталды.

Агенттік «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-мен өзара іс-қимыл нәтижесінде панельдердің бағасы нарықтық деңгейге дейін төмендетілді, бұл 14 млрд теңге мөлшерінде артық шығынтардың алдын алуға мүмкіндік берді», - делінген ҚМА агенттігі таратқан хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317