Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Саңлақ 1330 1 пікір 11 Қараша, 2024 сағат 16:32

Бюджет қаржысы: 2024 жылы футболға қанша жұмсалды?

Сурет: kff.kz

Қазақстан премьер-лигасы (ҚПЛ) клубтарының облыстық және қалалық әкімдіктермен қандай сомаларға келісімшарт жасасқаны белгілі болды.

«Дядя Ваня» Telegram арнасының мәліметінше, биыл ҚПЛ командалары 25,68 млрд теңге көлемінде тендер жеңіп алған.

Мемлекеттік сатып алу сайтында тағы үш тендер бойынша сауда жүріп жатыр. Оның екеуін Ақтөбе облысының мәдениет және спорт басқармасы 187,5 млн теңге мен 312,5 млн теңгеге жариялады. Ал Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы тағы бір тендерді 892,9 млн теңгеге жариялады.

Қалған келісімшарттар жасалғаннан кейін жергілікті бюджеттердің элиталық дивизион клубтарына жұмсайтын шығындары 1,38 млрд теңгеге артып, 27,06 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

Бұл соманың құрамына «Астана» ФК-ның шығындары кірмейді, себебі соңғы жылдары елордалық команданы спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражаттарды бөлуге арналған бірыңғай оператор «Sport Qory» арқылы квазимемлекеттік сектор қаржыландырады.

«Профессионалды клубтарды қаржыландыру шығындарын Самұрық-Қазына» АҚ-ның бағынышты ұйымы тек келесі жылы жариялайтын болады. Сондықтан «Астана» ФК-ны қаржыландыру сомасын тек шамалап қана айтуға болады. Дегенмен, өткен маусымда қор бұл мақсаттарға 5,3 млрд теңге, ал одан алдыңғы жылы 4,8 млрд теңге жұмсағаны туралы алдыңғы есептерде айтылған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» ФК облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен 3 жылға 5,712 млрд теңге көлемінде келісімшартқа қол қойды.

Журналистер 2024 жылы жергілікті бюджеттерден футболды қаржыландыру көлемі туралы мәліметтерді жариялады:

🔴 «Ордабасы» кәсіпқой футбол клубы» АҚ - 5,3 млрд теңге (спортқа жұмсалатын облыс шығындарының 87,1%);

🔴 «Облыстық футбол клубы «Ақтөбе» АҚ - 4,55 млрд теңге (40,1%);

🔴 «Елімай» футбол клубы ҚҚ - 2,341 млрд теңге (72%);

🔴 «Қызыл-Жар СК» футбол клубы» ЖШС - 2 млрд теңге (51,5%);

🔴 «Облыстық футбол командасы «Атырау» ЖШС – 1,9 млрд теңге (29%);

🔴 «Тобыл» футбол клубы ҚҚ - 1,647 млрд теңге (46,9%);

🔴 «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС - 1,636 млрд теңге (70,6%);

🔴 «Жеңіс» ФК» ЖШС - 1,599 млрд теңге (28,9%);

🔴 «Тұран» кәсіби футбол клубы» МКҚК - 1,399 млрд теңге (24,7%);

🔴 «Жетісу» футбол клубы» МКҚК - 1,396 млрд теңге (32,7%);

🔴 «Шахтер» футбол клубы» АҚ - 1,2 млрд теңге (17,1%);

🔴 «Қайрат» футбол клубы» ЖШС - 0,75 млрд теңге (3,2%).

Еске сала кетейік, қаңтар айында Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын 5 жылға сенімгерлік басқаруға беру және оны кейін сатып алу жоспары хабарланған болатын. Сол кезде лоттың бастапқы бағасы 1,6 млрд теңге болып белгіленді, алғашқы жарнасы – 252,9 млн теңге.

Қазан айының басында «Каспий» футбол клубының бұрынғы ойыншылары мен қызметкерлері сот арқылы жалақы төлемдерін алуға қол жеткізді. Клуб оларға миллиондаған теңге қарыз болған.

Сол уақытта мемлекет қаражатымен қаржыландырылатын «Қайсар» футбол клубының ойыншылары бірнеше ай бойы жалақы алмағаны анықталды.

Қараша айында «Қазақстан футбол федерациясы» (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов өз орнынан кететінін жариялады. ҚФФ президенті ретіндегі Барменқұловтың қызметі футбол жанкүйерлерінің сынына жиі ұшырап, тіпті УЕФА басшылығының күдігін туғызғаны туралы ФБРК редакциясы бірнеше рет жазған болатын.

Барменқұловтың футбол федерациясының басшысы ретіндегі қызметіне қоғамның неге наразылық білдіргенін, қандай жемқорлық дауларына араласқанын және қандай бизнеске ие болғанын сілтемеден оқуға болады.

Дереккөзі: fund_anticorr

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958