Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Қоғам 829 0 пікір 12 Қараша, 2024 сағат 12:33

Бектенов: Елімізде екі күннің бірінде өрт

Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жер үйлердегі өрттің азаймай тұрғанына алаңдаушылық білдірді.

«Жылу беру кезеңі енді ғана басталды. Ал, еліміздің тұрғын үй секторында екі күннің бірінде өрт шығады. Пеш жағу кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан бір айда 130-дан астам өрт тіркелген.

Сондай-ақ иіс тиіп уланған жағдайлар жиілеп кетті. Қаза тапқандар да бар. Оқыс жағдайларды барынша азайтпасақ болмайды», - деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, қыс пен күзде өрттің 50%-ға жуығы пеш пен мұржалардағы ақаулардан келеді.

«Төтенше жағдайлар министрлігі осыған баса назар аударып, мұндай бұзушылықтарға бей-жай қарамауға тиіс. Тек ұсыным берумен ғана шектелуге болмайды.

Ол үшін газ-техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту керек. Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен әкімдіктер бұл бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейтуі қажет», - деді Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980