Жұма, 22 Қараша 2024
Ұлттық валюта 2103 5 пікір 15 Қараша, 2024 сағат 13:22

Тағы да теңге туралы...

Коллаж syrboyi.kz сайтынан алынды.

Бүгін теңге күні.

Біз Тәуелсіздіктің отыз жылында отарсызданудың орнына құлшына құнсызданып келеміз. Құнсызданбаған неміз қалды?.. Теңгемізді 30 жылда 100 есе, яғни 10 000% құнсыздандырыппыз.

Ақша байлықтың баламалы сертификты болған соң, күн сайын қолға ұстап, санай алатын болған соң, оның құнсызданғанын көзіміз көреді.

Отанымыз ше?

Ұлтымыз ше?

Тіліміз ше?!

Осы үшеуі сен үшін қаншалақты құнды? Қаншама жастар Отаннан неге безеді, неге қашады?! Ана тілін керек қылмайтындары қаншама? Неге қазақ болғысы келмейді? Теңге оншақты рет құнсызданса, Ұлттық құндылықтарымызға күн сайын құнсыздандыру жүрді. Басқаша емес, Мемлекет күшімен — заңмен жүргізілді.

Енді …

Енді құлшынамыз! Қасиетімізді, құндылығымызды қайтару үшін құлшынамыз!

Мынау өлең бұдан отыз жыл бұрын теңгенің жасқа толған күніне сәби шағына арнап жазылып еді.

Азаттықтың алғашқы күнінен-ақ оны жырлаппыз. Оның алға аттаған әр қадамымен қаламымыз қатар жүгіріпті. Қазақтың құйттай қуанышы үшін құйылып түсер шабыт, өріліп түсер өлең өзегімізде тасиды.

Ескерту: «Жас Алаш» газетінің 1994 жылғы осы күнгі санына қараңыз. Бұл өлең теңге жайлы махаббатпен жазылған мақаламызбен бірге тұр.

ТӨЛ ТЕҢГЕ

Еңбегімен таппаса да, тапса да,
Соның бәрі сұғын қадар ақшаға.
Қас сұлу да,
кедейі де,
байы да,
зар қақсаған диуана да,
басқа да.

Азаттық бар қазақ дейтін бір елде,
Өз туы бар алға шығып тігерге.
Өз тілі бар сөйлесе бұлт айналар,
Өз үні бар даусын көкке тірерде.

Ырысы мол ұлан-байтақ жерде бар
Сондай бақыт
Өзіңде бар,
Менде бар.
Ақшасына қарата алмас енді олар,
Байлығының бас иесі теңге бар.

Теңге шықты, кеше шықты – кеш шықты,
Теңгемізді шығарғанша ес шықты.
Батырлыққа, батылдыққа бардық біз,
Қос бүйірден қысқан сәтте «қос мықты».

Арылады ділгір алаң дерт елден,
Арыламын мен де күмән, селтеңнен.
Бұл заманда базар баға өртенген,
Тынысым бол,
Ырысым бол
Төл теңгем.

Алмас Ахметбекұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244