Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Билік 174 3 пікір 25 Қараша, 2024 сағат 12:39

Каспийде итбалықтардың қырылуына не себеп?

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниялары шығарындылардың автоматты мониторинг жүйесін орнатуға құлықсыздығын сынады.

«2023 жылдан бастап 1 категориядағы 9 ірі мұнай компаниясы зияндаушы көздерге автоматтандырылған мониторинг жүйесін орналастыру қажет еді. Алайда, бүгінгі таңда тек 5 компания ондай жабдықты толық іске қосты. Екеуінде қосу жұмыстары жүріп жатыр, екеуі әлі іске қосқан жоқ. Атап айтсақ «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жанажол мұнайгаз өңдеу кешені», — деді ол.

Депутат Экология және табиғи ресурстар министрлігі автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатпаған кәсіпорындарға пәрменді шараларды қабылдау керек деп есептеді.

«Соңғы кезде Каспий теңізінде болып жатқан экологиялық жағдайлар қоғамда әр түрлі сұрақтар туғызып отыр. Әсересе ит балықтардың неден өліп жатқанын нақты ешкім айта алмай отыр. Жалпы еліміздегі барлық кәсіпорындар экологиялық мониторингті өздері жүргізіп отыр. Сондықтан олардың мәліметінің шынайлығы күмәнді. «Кім ақша төлейді, сол музыкаға тапсырыс береді және оны таңдатады», — деген әңгіме бар ғой. Қазіргі жағдай осыған ұқсас», — деді Еділ Жаңбыршин.

Депутаттың сөзінше, Экология министрлігінде су айдындарын зерттейтін арнайы жабдықталған кеме де жоқ.

«Каспий теңізіндегі кен орындардың айналасына қоршаған ортаның жағдайын онлайн режимде құзырлы органға беріп отыратын автоматтандырылған стационарлық станцияларды орнататын уақыт келді. Мұндай стационарлық қондырғылар жерде де орнатылуы керек. Сонда ешқандай дау тумайды. Кім бүлдірді, айыппұл төлейді», — деді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5901