Бейсенбі, 13 Қараша 2025
Жаңалықтар 131 0 пікір 13 Қараша, 2025 сағат 15:17

Алаяқтар рәсімдеген кредитті банктер жабады

Сурет: liter.kz сайтынан алынды.

Бұл талап 2025 жылғы қыркүйектен бастап орындала бастайды екен.

Яғни, кешегі қыркүйектен бері қарай кімде-кімнің атына алаяқтар сыртынан кредит рәсімдеген болса, клиент ол қарызға жауапкершілік арқаламайды деген сөз.

Бұл жаңалықты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа ғана өз парақшасында жазды.

— Біздің ұсынысымыз қабылданды: 2025 қыркүйегінен бастап биометрия дұрыс өтпей рәсімделген алаяқтық несиені банк өз есебінен жабады, — деп жазды мәжілісмен.

Abai.kz

0 пікір