Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек жеңіс тұғырында!

Қазақстандық спортшылар Бахрейнде өткен бадминтоннан халықаралық турнирде жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен Bahrain International Series 2024 турнирінде тамаша нәтиже көрсетті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен ойыншылар бас қосқан турнирде Қазақстанның қос өкілі Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұп категориясында жеңімпаз атанды.
Дмитрий Панарин де жекелей сында қола жүлдені жеңіп алды.
Нәтиже:
2024 жылғы Бахрейн II халықаралық сериясы кезінде Дмитрий Панарин 6 кездесу өткізіп, қола медаль жеңіп алды. Сонымен бірге дуэтте Айша Жұмабекпен 4 кездесу өткізіп, бірінші орын үшін алтын жүлдені жеңіп алды.

Сурет: Кесте скрині
Финалда қазақстандық жұп Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек үндістандық Кона Тарун және Шри Кришна Прия Кударавалли дуэтімен кездесті. Панарин мен Жұмабек 21-18, 21-15 есебімен жеңіске жетіп, аралас жұп категориясында алтыннан алқа тағынды.
Abai.kz