ҰҚШҰ жиыны: Бес ел басшысы қатысады
28 қарашада Тәуелсіздік сарайында өтетін ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығын қорытындылап, эстафетаны Қырғызстанға тапсырады.
Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің басшылары, сондай -ақ ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ Бас хатшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Сессия қорытындысы бойынша ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлейді.
Abai.kz