Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Түйткіл 2534 1 пікір 28 Қараша, 2024 сағат 16:26

БАҚ: Өскемен қаласын газ бен тұман тұмшалап тұр

Сурет: Тасқын Болатұлы / Азаттық радиосы

Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялап жатыр, - деп жазады Азаттық радиосы.

Өскеменді түтін басқаны туралы хабар тарап жатқан кезде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 27 қарашада түске дейін ұшақтар кестедегі уақытынан кешіктірілгенін жазды. Қалалық білім бөлімінің бұйрығымен, 28-29 қарашада барлық мектепте оқушылар онлайн оқу режиміне көшірілді.

Тәуелсіз эколог Дәулет Асанов қаланың "шектен тыс" ластануының артында көмір лоббиі жатыр деп есептейді. "Кейінгі жылдары қалада қалыптасқан түтін жылу электр орталығында көмір жағу артып, бақылауға алынбағанының және жеке үйлердің орталық жылу желісіне қосылмай, қаптап салынып жатқанының кесірі. Металлургиялық кәсіпорындар жабылғанын күтіп отыра бермей, барлық әсер етуші фактормен күресу керек. Қалада тағы бір жылу электр орталығы мен қазандық салу зиян әрі ақымақтық" деді Асанов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1469
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3090
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1094
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1021