Салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек!
Алматыда еліміздің Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға Мәжіліс және мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты. Жиында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Салық жүйесіне қатысты пікірін бөлісті.
- Салық кодексі - еліміздің экономикалық дамуы үшін ең маңызды заң деу артық айтқанымыз болмас. Бүгін талқыланатын тақырыптың бірнеше басты мәселесіне тоқталып өтсек. Бірінші, салық кодексінің тұрақтылығы. Қазіргі кезге дейін қанша кодекс қабылданып, қаншама өзгеріс енгізілді. Бизнес жұмыс істеудің орнына, тез өзгеретін заңға бейімделумен жүреді.
Сондықтан біздің мақсатымыз қайта-қайта өзгеріс енгізілмейтін тұрақты заң қабылдау. Екінші, салық базасын кеңейту. Қазіргі уақытта елімізде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Жаңа салық кәсіпкерлерді ашық жұмыс істеуге және салық төлеуге итермелеуі қажет. Заңдағы басты ой - салық төлеу, оны төлемеуден арзан болуы керек, - деді Мәжіліс депутаты.
Abai.kz