Рәмізді құрметтеу - өзіңді құрметтеу!
Алматы қаласы Алатау ауданы № 180 мектеп- гимназияның білім алушыларымен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Жастар Үні» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған «Мемлекеттік Рәміздер» тақырыбында Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы, саясаттанушы Нұргелді Әбдіғани мен Алматы қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Рустам Қайрыевпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - жас ұрпаққа мемлекеттік рәміздерді зерделеу және насихаттау, олардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру.
Кездесу барысында кеш қонақтары бүгінгі күні әрбір жас ұрпақты Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны, Мемлекеттік Гимнді құрметтеуге тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың еліміздің басты рәміздері туралы білімін арттыру өте маңызды екенін айта отырып, қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие тұлғаны тәрбиелеу маңызды екенін атап өтті.
Кеш соңында білім алушылар өздерінің осы кеште алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Abai.kz