Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 1569 22 пікір 6 Желтоқсан, 2024 сағат 14:26

Ресейде қазақ мектебін ашуға кімдер қарсы?

Суреттер: kz.kursiv.media, 365info.kz, taunews.kz сайттарынан алынды.

Қазақстан ТМД-дағы халқы орыс тілді және жергілікті ұлт тілінде сөйлейтін жалғыз мемлекет екенін мойындауға тиіспіз. Міне, осы арасында қара орыс қазағы бар, орыс тілді қауымды қазақиландырмай шаруа бітпейді.

Бізге Ресейдегі қазақтарға арналған мектеп емес, өз ішіміздегі қазақтардың балаларын орыс тілінде тек ақылы негізде оқытатын Заң керек. Бірақ Ресей қазақ тілді мектепті өз жерінде ашпаққа өзі ниет еткен екен, одан қашудың еш керегі жоқ.

Бұған дейін Путин құптап, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жақтап, Астрахань, Омбы және Орынбор қалаларында, этникалық қазақтар тұратын жерлерде қазақ тілінде оқытатын қазақ-орыс мектептері ашылатынын мәлімдеді.

Ресейде қазірдің өзінде қазақ тілін оқыту жүзеге асырылып жатыр. Бұл этникалық қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі.

2021 жылғы санақ нәтижелері бойынша, Ресейде 591 мыңнан астам қазақ тұрады. Олардың көбі Астрахань, Орынбор, Омбы және Саратов облыстарында шоғырланған болатын.

Осы 591 мың қазақтан өзге, өздерін қазақ емес, белгілі бір рудың өкілімін деп көрсеткен қандастарымыздың саны 600 мыңнан асатынын ескеруге де тиіспіз. Сонда 1 миллионнан асатын қазаққа мектеп керек.

Еліміздегі жергілікті ұлт 80 пайыздан асатын қазақи облыстар саны КСРО кезінде де, кейінгі посткеңестік кезеңдеде болған жоқ-тын. Енді орыс тілін керек қылмайтын шағын қалалар мен бүтін облыстар пайда болды.

Міне, орыс биілгі Астана мен Алматыдан өзге жерде де тіршілік бар екенін ескерді. Және қазақ елі тілдік тұрғыдан қаққа айырылған екі аймаққа бөлініп отыр. Бұрын бұрынғы отаршылар тек орыс тілді билік пен бұқараны ғана ескеріп, «Қазақстан – Орталық Азиядағы орыс тілді республика» деген тәтті арман құшағында болып келді.

Орыс тілді қазақ елінің аймақтары мен өңірлері тура Ресейдегідей демографиялық құрдымға түскен. Мысалға Абай облысы құрамындағы Бородулиха ауданындағы халық саны 1997 жылы 57 мың болса, қазір 32 мыңға дейін құлдыраған. Әрі осы аудандағы 30-дан аса мектепте бар жоғы 4 мыңға жетер жетпес бала оқиды. Бұл бір ғана қазақ тілді Аякөз қаласындағы 2-3 мектептің оқушысы деген сөз.

Сонымен, Ресей Астрахань, Омск және Орынбор қалаларында қазақ тілінде білім беретін мектептер саламыз деп уәде етті. Бірақ уәде ету бар да оны орындау бар. Бұл қалаларда этникалық қазақтар тұрады.

Қазақ мектебі ашылуы мүмкін тағы бір аймақ ретінде Томск қаласы да аталған болатын.

Бірақ Томск облысының білім департаменті бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған қазақ жағы шамданды. Биліктің айтқанын ғана орындайтын жергілікті атқа мінерлерге шамданудың қажеті жоқ. Кремль айтса, Томбы түгілі Мәскеуде ашылады, қазақ мектебі.

Ал әзірге 1 миллионнан ас қазағы бар Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ!Және қазақи өңірлердегі Ресей ЖОО өкілдіктерін ашу - рухани жаулап алудың жаңа бағыты екенін естен шығармайық, ағайын!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969