Қазақстан мен Испания дипломатиялық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан бас тартуды жоспарлап отыр
Астана. 25 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстан мен Испания СІМ-нің делегациялары екі елдің арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімнің жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев Испания сыртқы саясат ведомствосының консулдық және көші-қон мәселелері жөніндегі бас хатшысы Франциско Хавьер Кавенхтпен және Испания СІМ консулдық мәселелер және қолдау жөніндегі бас директоры Мигель Фрутос Гомеспен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде тараптар екі жақты консультациялардың хаттамасына қол қойды. Бұл құжат екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы болашақ келіссөздер барысында осы келісімге қол қою ниетін бекітеді. Бұл шара қараша айына жоспарланған. Қазақстандық жақ қазақстандық азаматтар үшін испаниялық визаларды беру тәртібін жеңілдету мәселесін көтерді.
Испания делегациясының басшысы өз елінің ЕО елдері үшін визалық режимді оңтайландыру мәселесінде Қазақстанға толық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, тараптар ЕО елдерімен визалық тәртіпті жеңілдетудің қажет шарты ретінде реадкомиссия тетіктерін әзірлеу және жүзеге асыру саласындағы испаниялық тәжірибені пайдалану туралы келісті.

Сонымен қатар, Р.Жошыбаев Испания СІМ Солтүстік Америка және Еуропа істері жөніндегі бас директоры Луис Фернандес де ла Пеньямен кездесіп, екі жақты қатынастарға байланысты кең көлемді мәселелерді, халықаралық проблемаларды талқылады. Дипломат ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалықтың негізгі басымдықтарын атап өтіп, Испания жағына «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Бұл бағдарлама ҚР-дың ЕО елдерімен саяси, сауда-экономикалық, мәдени және басқа салалардағы ынтымақтастығын, иммиграциялық саясаттағы өзара ықпалдастықты кеңейтуді қарастырады.