Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Ғылым-білім 2127 3 пікір 9 Желтоқсан, 2024 сағат 13:01

Сапасыз білім беретін ЖОО-лар қысқарады!

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жекеменшік жоғары оқу орындарындағы білім сапасына қатысты кемшіліктер анықталғанын мәлім етті.

- Министрлік сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын қысқарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Жалпы, бақылау шараларынан профилактикалық шараларға назар аударылып отыр. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау аясында «таза парақтан» жаңа реттеушілік саясатының тәсілдеріне сәйкес келеді. Тексеруден профилактикалық шараларға өту, тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін автоматтандыру, тексерулер үшін жоғары оқу орындарының тізімі мен кестесін адамның қатысуынсыз қалыптастыру - министрлікке 2024 жылдан бастап тек проблемалық жоғары оқу орындарына назар аударуға мүмкіндік береді, - делінген Ғылым министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылған «таза парақтан реттеу» саясаты аясында «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылған мемлекеттік бақылау тізімінде 13 жоғары оқу орнына қатысты мемлекеттік бақылау өткізілді. Соның нәтижесінде білім беру қызметінде талаптарды бұзу деректері анықталды.

- Білім беру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ЖОО-ларға қатысты кадрларды даярлаудың 16 бағыты бойынша лицензияға қосымшалардан айыра отырып, әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, - деп нақтылады ведомство.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980